Об утверждении Правил представления железнодорожными перевозчиками информации о месте нахождения временно ввезенного железнодорожного транспортного средства международной перевозки и (или) перевозимых на железнодорожных транспортных средствах контейнеров, в том числе используемых для внутренних перевозок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил представления железнодорожными перевозчиками информации о месте нахождения временно ввезенного железнодорожного транспортного средства международной перевозки и (или) перевозимых на железнодорожных транспортных средствах контейнеров, в том числе используемых для внутренних перевозок
- Атауы (қаз.)
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 16.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 119649_301496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016545
- ЭКБ идентификаторы
- 119649
- Редакция идентификаторы
- 119649_301496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:45
0
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 358-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 21 ақпан
8 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы № 214
бұйрығымен бекітілген
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидалары
1 1- тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 358-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдаулар үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну Қағидалары айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар мен ұғымдар пайдаланылады:
1 1) ХТКҚ - халықаралық тасымалдаудың темір жол көлік құралы, оның ішінде темір жол көлік құралдарында тасымалданатын контейнерлер;
2 2) КҚКД - көлік құралына кеден декларациясы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер ЕАЭО-ның және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.
2 2-тарау. Темір жол тасымалдаушыларының халықаралық тасымалдаудың ақпаратты беруі
3
3. ЕАЭО кедендік аймағына уақытша әкелінген шетелдік ХКҚТ-ның орналасқан мекенін анықтау мақсатында осы ХКҚТ-ны бақылауда ұстайтын мемлекеттік кірістің аймақтық ұйымы КҚКД-ның тіркелу нөмірі, ХКҚТ-ның нөмірі және ХКҚТ-ның уақытша әкеліну мерзімі туралы жазбаша сауал құрастырады және оны теміржол тасымалдаушыға жібереді. Сондай-ақ, сауал жолдау мерзімі ХКҚТ-ның уақытша әкелу сәтінен бастап, бір жылдан аспауы тиіс.
4 4. Теміржол тасымалдаушы сауалды алған сәттен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құрастырылған жауапты сауал жолдаушыға - мемлекеттік кіріс ұйымына жібереді.
5 5. Мемлекеттік кіріс органдарында және тасымалдаушыда интеграцияланған ақпараттық жүйелер болған кезде ХТКҚ-ның орналасқан жері туралы сұрау салу мемлекеттік кіріс органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне жіберіледі.
6 6. Теміржол тасымалдаушы сұралған ақпаратты ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кіріс ұйымының ақпараттық жүйесіне жібереді.
7
7. Теміржол тасымалдаушы басқа ЕАЭО мүше-мемлекеттер теміржол тасымалдаушысынан мәлімет алу қажет болған жағдайда, басқа ЕАЭО мүше-мемлекеттер теміржол тасымалдаушы туралы мәліметті тасымалдағыш (қағаздық нұсқа, дискі түрінде) алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс ұйымына-сауал жолдаушыға жібереді.