Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 43 · қабылданған 01.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119727/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 43 ·01.03.2018
12.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 43 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43
Қабылданған күні
01.03.2018
Көрсетілген редакция
12.04.2019 119727_399288.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18Z0005092
ЭКБ идентификаторы
119727
Редакция идентификаторы
119727_399288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:32

0 Басым ауыл шаруашылығы

дақылдарының тізбесін және
субсидиялар нормаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда №11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;

2

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға) бекітілсін.

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №223 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4500 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Б.О. Азбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

2018 жылғы «1» наурыздағы №43
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Басым дақылдардың атауы
1
Майлыдақылдар:
күнбағыс
майбұршақ
мақсары
зығыр
қыша
2
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
3
Бір жылдық шөптер
4
Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
5
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

9 Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарымен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)

2018 жылғы «1» наурыздағы №43
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарымен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
(1 гектарға және 1 тоннаға)

Басым дақылдардың атауы
1 гектарға
субсидия нормасы, теңге
1 тоннаға
субсидия нормасы, теңге
1
Майлы дақылдар:
күнбағыс
10 000
майбұршақ
10 000
мақсары
6 100
зығыр
6 900
қыша
7 000
2
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
5 000 000
3
Бір жылдық шөптер
8 000
4
Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
10 000
5
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
8 000

Қолданыстағы