Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги Национального Банка Республики Казахстан «Учетная регистрация коллекторских агентств»

Қаулы · № 2 · қабылданған 11.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119732/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги Национального Банка Республики Казахстан «Учетная регистрация коллекторских агентств» Күшін жойған Қаулы ·№ 2 ·11.01.2018
20.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги Национального Банка Республики Казахстан «Учетная регистрация коллекторских агентств»

Күшін жойған Қаулы ·№ 2 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги Национального Банка Республики Казахстан «Учетная регистрация коллекторских агентств»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
11.01.2018
Көрсетілген редакция
20.06.2020 119732_472789.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016571
ЭКБ идентификаторы
119732
Редакция идентификаторы
119732_472789
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:07

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы (Итимгенов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
бекітілген
«Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аумақтық филиалдары заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдарына құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

2 2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалдары көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту ұсынады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының коллекторлық агенттіктердің тізілімінде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірін көрсете отырып хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы мәліметтерді ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7 7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалына өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (болған кезде);

3 3) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшы (қатысушы) заңды тұлға туралы мәліметтер.

Жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы ақпаратты ашу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады;

4 4) құрылтайшы (қатысушы) жеке тұлға туралы мәліметтер өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;

5 5) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туарлы мәліметтер;

6 6) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін;

7

7) өтініш берілген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтерді;

8 8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер.

Осы тармақта көзделген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп және тігіліп ұсынылады.
Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қол қоюымен расталады.

10 10. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетуге жататын дәйексіз мәліметтерді және ақпаратты ұсыну;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы қызметкерлерінің «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

3

3) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғаның Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

4 4) әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгіну;

5 5) осы Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптардың сақтамауы.

Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қайтадан ұсынады не өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартуды алған жағдайда, мұндай заңды тұлға өзінің атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының атына;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

12 12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

15

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

0.1 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймын.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

1 1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________

2 2. Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері және нақты мекенжайы________________________________________________________

________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйінің, офисінің нөмірі)
____________________________________________________________________
(телефоны, факс нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы)

3 3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны:___________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық филиалына өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уақтылы ұсынылғанын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы _______________________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы)
20__ жылғы «___» _____________

0.2 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
20 __ жылғы «___» __________

1 1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы)_____

____________________________________________________________________
(толық атауы)
2. Орналасқан жері _____________________________________________
(пошталық индексі, мекенжайы, телефоны мен факсының нөмірі,
____________________________________________________________________
бар болса электрондық поштасының мекенжайы)
____________________________________________________________________

3 3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________

4 4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _____________

____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

5 5. Резиденттігі__________________________________________________

6 6. Қызметінің негізгі түрі _____________________________________

____________________________________________________________________

7 7. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

8 8. Заңды тұлғалардың толық атауы мен тұрған жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне құрылтайшы (қатысушы), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер _____________________________________.

9 9. Ұйымдардың толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер __________________________________________.

10

10. Қаржы нарығын және қарыжы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы қызметкері бұдан бұрын коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер_______________
____________________________________________________________________

11 11. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер ________________________________________

____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20__ жылғы «___» _____________

0.3 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
1-кесте. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылайтын тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер

Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін) неме­се бас­қа же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі үшін)
Ре­зи­дент­ті­гі
Ата­уы
Алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұл­ға үшін) (иә (жоқ), құқық бұ­зу­шы­лық­тың, қыл­мыстың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту негі­зін көр­се­те оты­рып, қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы үкім­нің де­ректе­ме­ле­рі)
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган атал­ған кол­лек­тор­лық агент­тікті «Кол­лек­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы
6 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 9-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша ті­зі­лім­нен алып та­стау ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ас­пай­тын ке­зең­де құ­ры­л­тай­шы (ак­ци­о­нер, қа­ты­су­шы) не құ­ры­л­тай­шы­ның (қа­ты­су­шы­ның) бас­шы қыз­мет­ке­рі бұ­дан бұ­рын кол­лек­тор­лық агент­тіктің бі­рін­ші бас­шы­сы неме­се құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) болға­ны жө­нін­де­гі мә­лі­мет­тер
Қыз­мет тү­рі­нің си­патта­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Қа­ты­су­шы­ға (ие­ле­ну­ші­ге) ти­е­сі­лі қа­ты­су үле­сте­рі­нің жал­пы са­ны­на ара­қа­ты­на­сы
же­ке
ті­ке­лей
жа­на­ма
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (тең­ге­мен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Қа­ты­су­шы­ның, (ие­ле­ну­ші­нің) кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін ие­ле­не­тін ұй­ым­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны (да­на) (қа­ты­су үле­сі) (тең­ге­мен)
Жа­на­ма түр­де ие­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұй­ым­ның ата­уы
8
9
10
11
12
13
кестенің жалғасы
кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің са­ны­на
бір­лес­кен
ті­ке­лей
жа­на­ма
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (тең­ге­мен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Қа­ты­су­шы­ның, (ие­ле­ну­ші­нің) кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­ріне ие­ле­не­тін ұй­ым­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны (да­на) (қа­ты­су үле­сі) (пай­ы­з­бен)
Жа­на­ма түр­де ие­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұй­ым­ның ата­уы
14
15
16
17
18
19
Ескертпе:
1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының, (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылық берілген және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін жеке тұлғалары туралы мәліметтерге дейін көрсетіледі.
2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі

Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін) неме­се бас­қа же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі үшін)
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са), (алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
Ба­қы­лау негі­зі
Кол­лек­тор­лық агент­тікке ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі)
20 пай­ы­зы­нан аста­мын ие­ле­не­тін ұй­ым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
ұй­ым­ның ата­уы
ак­ци­я­лар­ды ие­ле­ну (жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы) үле­сі
1
2
3
4
5
6
Ескертпе:
3-бағанда алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болуы немесе жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық қудалауға ұшырайтыны немесе ұшырағаны (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер иә деп жазылса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
_____________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» _________

4 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша
нысан
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
20 __ жылғы «___» _____________
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы)_________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
2. Туған күні _____________________________________________________
3. Азаматтығы ______________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері______________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
5. Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________
6. Тұрғылықты жері ________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы,
____________________________________________________________________
телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
7. Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ________________
____________________________________________________________________
8. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) өзге
заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне қатысушы (иеленуші),
акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық
атауын және тұрған жерін көрсете отырып_____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы туралы
мәліметтер _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға
және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 __ жылғы «___» _____________
Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) қолы ___

5 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша
нысан
Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің лауазымы және коллекторлық
агенттіктің атауы көрсетіледі)

1 1. Жалпы мәлiметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен өзгертілгенін көрсету)
Туған күні және туған жері
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(елді мекенінің кодын қосқанда, толық мекенжайды, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)
Азаматтығы
__________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________

2 2. Білімі:


Оқу орнының атауы
Түскен күнi - аяқтаған күнi
Мамандығы
Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса - күні мен нөмірі)
1
2
3
4
5

3 3. Басшы қызметкердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы мәліметтер:


Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері
Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері
Басшы жұмыскердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)
1
2
3
4

4 4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы жұмыскердің жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күн, ай, жыл)
Жұмыс орны (ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда тіркелген елін көрсете отырып)
Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе)
Тәртіптік жазаның болуы
Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері
1
2
3
4
5
6

5 5. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер:


Кезеңі  (күн, ай, жыл)
Мемлекеттік қызмет органының атауы
Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер
Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату)
1
2
3
4
5

6

6. Жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)__________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық ұзушылықтың,
______________________________________________________________
қылмыстың сипаттамасы
______________________________________________________________
жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
______________________________________________________________
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

7

7. Бұдан бұрын басшы жұмыскер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болғаны-болмағаны туралы мәліметтер _________________
(иә (жоқ),
___________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі
8. Бұдан бұрын басшы жұмыскер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болғаны-болмағаны туралы мәліметтер ________________
(иә (жоқ),
________________________________________________________________
жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
________________________________________________________________
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
9. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болғаны-болмағаны туралы мәліметтер _______________
(иә (жоқ)
___________________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
10. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны-болмағаны туралы мәліметтер _________________________
(иә (жоқ)
____________________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
11.  Басшы жұмыскер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұра ма ____________________________
(иә (жоқ)
____________________________________________________________________
есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған
____________________________________________________________________
ұйымның атауы)
12. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер ____________________________________
(иә (жоқ) босатылған күні
13. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер _________________________________________
(иә (жоқ) босатылған күні
____________________________________________________________________
және коллекторлық агенттіктің атауы
Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
20 __ жылғы «___» _____________

0.6 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
Есепті кезең: 20 __ жылғы «___» __________ жағдай бойынша
Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы __________________________________________

Қыз­мет­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) (те­гі, аты, әке­сі­нің аты өзгер­ген жағ­дай­да же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­қа то­лық сәй­кес - олар қа­шан және қан­дай се­беп­пен өзгер­ге­нін көр­се­ту)
Ту­ған кү­ні және же­рі
Тұ­рақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фон нө­мір­ле­рі (ел­ді ме­ке­ні­нің кодын қо­са ал­ған­да, то­лық ме­кен­жай­ын, қыз­мет­тік, үй, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рін көр­се­ту)
Аза­мат­тығы
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың то­лық де­ректе­ме­ле­рі
Бі­лі­мі, оның ішін­де тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі неме­се жо­ға­ры бі­лі­мі
Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы
ның бо­луы
(иә (жоқ)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің бас­шы қыз­мет­ке­рі не оның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің он неме­се одан да көп пай­ы­зын ие­лен­ген тұл­ға бо­лып та­бы­л­ған
(иә (жоқ)
Пси­хо­ло­ги­я­лық-нев­ро­ло­ги­я­лық, ту­бер­ку­лез­дік, нар­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­де есеп­те тұр­ған (иә (жоқ)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен неме­се ар­найы және құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан те­ріс се­беп­тер бой­ын­ша боса­ты­л­ған (иә (жоқ)
Бұ­рын өзі­нің ла­у­а­зым­дық өкі­лет­тікте­ріне орай осы кол­лек­тор­лық агент­тіктің қыз­ме­тін тек­се­ру­лер ны­са­нын­да ба­қы­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­да­ған не өзі­нің құ­зы­ре­тіне сәй­кес осы кол­лек­тор­лық агент­тіктің қыз­ме­ті­мен бай­ла­ны­сты болған (иә (жоқ)
Заң­ның
5-ба­бын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ды бұз­ға­ны үшін кол­лек­тор­лық агент­тіктен боса­ты­л­ған (иә (жоқ)
Осы ақ­па­рат­ты өзім тек­сер­ге­нім­ді және ол дәй­ек­ті әрі то­лық бо­лып та­бы­ла­ты­нын рас­тай­мын, сон­дай-ақ дер­бес де­ректер­ді жи­на­у­ға және өң­де­у­ге және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сі­мім­ді бе­ре­мін (қыз­мет­кер­дің қо­лы)
9
10
11
12
13
14
15
Ескертпе:

1 1. 8-бағанда лауазымдық міндеттерін, кәсіби дағдыларын көрсете отырып, басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі көрсетіледі.

2

2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар,
сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтыны немесе ұшырағаны (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер иә деп жазылса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

3

3. 10-бағанда егер қызметкер бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер иә деп жазылса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет.

4 4. 11-бағанда егер иә деп жазылса, есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған ұйымның атауы көрсетіледі.

5 5. 12-бағанда егер иә деп жазылса, мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күні көрсетіледі.

6 6. 13-бағанда егер иә деп жазылса, мемлекеттік қызметтің тоқтатылған күні көрсетіледі.

7 7. 14-бағанда егер иә деп жазылса, босатылған күні және коллекторлық агенттіктің атауы көрсетіледі.

Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
_______________________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_______________
қолы
Қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» __________

7 «Коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 7-қосымша
нысан

Филиалдың және (немесе) өкілдіктің атауы
Тұрған жері және нақты мекенжайы
Мемлекеттік тіркеу туралы деректер (нөмірі, күні)
1
2
3
4

Қолданыстағы