О некоторых вопросах государственной радиочастотной службы
Қолданыста
Қаулы
·№ 78
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах государственной радиочастотной службы
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік радиожиілік қызметінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 23.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2018 119760_302524.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000078
- ЭКБ идентификаторы
- 119760
- Редакция идентификаторы
- 119760_302524
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:40
0 Мемлекеттік радиожиілік қызметінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған саладағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге беруді;
2 2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
«Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;».