Об утверждении Правил, срока и формы предоставления сведений по суммам бюджетных субсидий, полученных заготовительными организациями по суммам налога на добавленную стоимость
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил, срока и формы предоставления сведений по суммам бюджетных субсидий, полученных заготовительными организациями по суммам налога на добавленную стоимость
- Атауы (қаз.)
- Қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидия сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімі мен нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 27.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2021 119761_539302.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016615
- ЭКБ идентификаторы
- 119761
- Редакция идентификаторы
- 119761_539302
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:37
0 Қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидия сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімі мен нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидиялардың сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімі мен нысаны бекітілсін.
2
2. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджеттік қаражаттар есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді табыс ету қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 291 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11518 болып тіркелінген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнаманда белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне табыс етуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер – Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________Ө.Е. Шөкеев
20__ жылғы «___» __________
9 Қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидиялардың сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімі мен нысаны
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілген
Қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидиялардың сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары, мерзімі мен нысаны
1
1. Осы Қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидиялардың сомалары жөніндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның мәліметтерді табыс ету қағидалары, мерзімі және нысаны (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 12-тармағына сәйкес әзірленген және қосылған құн салығы сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидиялардың сомалары жөніндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның мәліметтерді табыс ету тәртібін айқындайды.
2 2. Мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік кірістер органына агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган табыс етеді.
3 3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі электрондық байланыс арнасы арқылы электрондық түрде мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына жібереді.
Қосылған құн салығы сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидиялардың сомалары жөніндегі мәліметтерді табыс ету қағидалары, мерзімі және нысанына қосымша
нысан
теңге
№
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның БСН
Алынған субсидия сомасы
Субсидияны алған күні
Субсидия алынған
салық кезеңі
1
2
3
4
5