О признании утратившими силу некоторых решений Енбекшиказахского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Енбекшиказахского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24-10
- Қабылданған күні
- 23.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2018 119773_302295.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DH004582
- ЭКБ идентификаторы
- 119773
- Редакция идентификаторы
- 119773_302295
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:40
0 Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
«Еңбекшіқазақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 24 маусымдағы № 5-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3899 тіркелген, 2016 жылдың 25 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
«Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 9 ақпандағы № 12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4123 тіркелген, 2017 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).