Об утверждении Перечня случаев замены процессуального прокурора по уголовному делу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня случаев замены процессуального прокурора по уголовному делу
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық іс бойынша процесс прокурорын ауыстыру жағдайларының тізімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 27.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 119777_304501.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016616
- ЭКБ идентификаторы
- 119777
- Редакция идентификаторы
- 119777_304501
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:36
0 Қылмыстық іс бойынша процесс
прокурорын ауыстыру жағдайларының
тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 193-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қылмыстық іс бойынша процесс прокурорын ауыстыру жағдайларының тізімі бекітілсін.
2
2. «Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №163 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10055 тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, мекемелер мен прокуратураның білім беру ұйымдарының басшыларына, облыс, аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қылмыстық іс бойынша процесс прокурорын ауыстыру жағдайларының тізімі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 30 ақпандағы № 30
бұйрығымен бекітілді
Қылмыстық іс бойынша процесс прокурорын ауыстыру жағдайларының тізімі
Процесс прокуроры прокуратура басшысының уәжді қаулысымен келесі жағдайларында ауыстырылуы мүмкін:
басқа лауазымға ауыстырылуы;
уақытша еңбекке жарамсыздығы;
еңбек демалысы;
оқу демалысы;
іс-сапар;
жұмыстан шығып қалу;
қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттеттілу;
қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен және бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты ұсталуы;
процесс прокурорына процестік басшылықты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін басқа жағдайларда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 88 бабымен көзделген, сондай-ақ қылмыстық істің қадағалау ретінің өзгеруіне байланысты.