О повышении базовых ставок земельного налога по Кызылжарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога по Кызылжарскому району
- Атауы (қаз.)
- Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/18
- Қабылданған күні
- 07.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2022 119783_589264.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SH004611
- ЭКБ идентификаторы
- 119783
- Редакция идентификаторы
- 119783_589264
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:27
0 Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2
2. «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі №2/1 шешімнің (2016 жылғы 27 мамырда «Қызылжар», «Маяк» газеттерінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қызылжар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ А. Жүрсінәлін
2018 жылғы «7» наурыз