Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Актобе Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Актобе Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 20.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2018 119803_304840.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005901
- ЭКБ идентификаторы
- 119803
- Редакция идентификаторы
- 119803_304840
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:14
0 Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Ақтөбе қаласының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе қаласының ауылдық округтері таратылсын:
аумағының жалпы көлемі 104895 гектар, Благодар;
аумағының жалпы көлемі 6671 гектар, Қарғалы;
аумағының жалпы көлемі 44499 гектар, Қурайлы;
аумағының жалпы көлемі 26994 гектар, Новый;
аумағының жалпы көлемі 39894 гектар, Сазды.
Схемалық картаға сәйкес, таратылған ауылдық округтердің аумақтары Ақтөбе қаласының құрамына енгізілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
3 3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
4
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 101/118 «Ақтөбе қаласында ауылдық округтер құру туралы» бірлескен қаулысының және шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3570 тіркелген, 2013 жылғы 1 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.