Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 2 · қабылданған 26.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119827/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·26.02.2018
19.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
26.02.2018
Көрсетілген редакция
19.06.2018 119827_334670.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NMA07607
ЭКБ идентификаторы
119827
Редакция идентификаторы
119827_334670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:39

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 01-20/54 ұсынысы негізінде, Айдарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің Герцено ауылы аумағында орналасқан құтыру ауруының пайда болуына байланысты Петкун Александр Милентьевичтің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарасу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық- санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарасу
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Таукеев Е.А.
2018 жылы «26» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарасу аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Кайзер В.В.
2018 жылы «26» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарасу ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Бейсенов А.Б.
2018 жылы «26» ақпан

Қолданыстағы