Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района

Қаулы · № 40 · қабылданған 14.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119840/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района Күшін жойған Қаулы ·№ 40 ·14.02.2018
21.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 40 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
14.02.2018
Көрсетілген редакция
21.11.2018 119840_375852.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UH004464
ЭКБ идентификаторы
119840
Редакция идентификаторы
119840_375852
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:49

0 Ордабасы ауданының пробация

қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
сондай-ақ бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
және ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды, жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4 4. «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары

Б.Омарбековқа жүктелсiн.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Ордабасы ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 14 ақпандағы
№40 қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ордабасы ауданы ұйымдарының тізімі
р/с
Ұйым атауы
жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
382
1
4
2
«Батсу - Водаканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
155
1
1
3
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
396
1
4
Барлығы
933
1
9

12 Ордабасы ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 14 ақпандағы
№40 қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Ордабасы ауданының ұйымдарының тізімі
р/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін
жұмыс орындарының саны
1
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
396
1
4
Барлығы
396
1
4

13 Ордабасы ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 14 ақпандағы
№40 қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Ордабасы ауданының ұйымдарының тізімі
р/с
Ұйым атауы
Жұмыс- керлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері(% жұмыскер- лердің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Амангелді атындағы жалпы орта мектебі»
162
1
1
Барлық
162
1
1

Қолданыстағы