Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Хромтауского районного маслихата»

Өзге акт · № 191 · қабылданған 02.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119856/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Хромтауского районного маслихата» Күшін жойған Өзге акт ·№ 191 ·02.03.2018
05.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Хромтауского районного маслихата»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 191 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Хромтауского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191
Қабылданған күні
02.03.2018
Көрсетілген редакция
05.03.2020 119856_448412.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CL000163
ЭКБ идентификаторы
119856
Редакция идентификаторы
119856_448412
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:31

0 «Хромтау аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2

2. Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 84 ««Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5329 тіркелген, 2017 жылдың 18 наурызында «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Хромтау аудандық мәслихатының

2018 жылғы 2 наурыздағы № 191 шешімімен
бекітілген
«Хромтау аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді және «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

2 2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

3 3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның жылдық жоспарына, «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

4 4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

5 5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

6 6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

3 3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

4 4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5

5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

6 6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1 1) НМИ жетістіктерін бағалау;

2 2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

7 7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымда төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

8 8. Бағалауға байланысты құжаттар мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

9 9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

10 10. НМИ-ге сәйкес жеке жұмыс жоспары қалыптасқаннан кейін, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

11 11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.

12 12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

13 13. НМИ:

1 1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2 2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

3 3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

4 4) уақытпен шектеулі (ағымдағы бағалау кезеңінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

5 5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

14 14. НМИ саны 5 құрайды.

15 15. Жеке жұмыс жоспары мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінде сақталады.

3 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

16 16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшымен НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

17 17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

18 18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ-ге жетуді бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

19 19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

20 20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

21 21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1 1) бағалаумен келісу;

2 2) түзетуге жіберу.

22 22. Бағалау парағы НМИ-ге қол жеткізілуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

23 23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдаған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

24 24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

25 25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

26 26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.

27 27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі ағымдағы бағалау кезеңінде қызметшінің қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

1 1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 және одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.

2 2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

28 28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

29 29. Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

30 30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

31 31. Комиссияның төрағасын немесе мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу жолымен уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

32 32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

33 33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

34 34. Комиссияның хатшысы мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

35 35. Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

36 36. Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) толтырылған бағалау парақтары;

2 2) Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасының жобасы.

37 37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

38 38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетеді және оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетеді.

39 39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.

40 40. Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

41 41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт құрылып, мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысымен және мемлекеттік органның өзге екі қызметшісімен қол қойылады.

42 42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысымен «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

43

43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органымен келесі шешімдердің біреуі қабылданады:

1 1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарауға ұсыныс береді;

2 2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

44 44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

«Хромтау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Аудандық мәслихат хатшысы
___________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))________________________
Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________
______________________________________________________________________________

п/п
Ны­са­на­лы мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы
Са­я­си мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің неме­се «А» кор­пу­сы қыз­ме­ті­ші­сі ке­лі­сі­мі­нің қай көр­сет­кі­ші­нен неме­се мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты­нан түй­ін­де­ле­ді
Өл­шем бір­лі­гі
Жос­пар­лы мәні
Қол жет­кі­зу мер­зім­де­рі
Түй­ін­ді нәти­же*
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
«Хромтау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Аудандық мәслихат хатшысы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ____________________________
қолы _________________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем
бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
«Хромтау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 3-қосымша
Нысан
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)_________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_________________________________________________________________
№ р/с
Құзыреттер атауы
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)
1
Қызметті басқару
2
Ынтымақтастық
3
Шешім қабылдау
4
Жеделділік
5
Өздігінен даму
6
Қызметті тұтынушыға бағдарлану *
7
Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *
8
Адалдық
9
Жауапкершілік
10
Бастамашылдық
11
Стресске орнықтылық
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
«Хромтау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құ­зы­рет­тер ата­уы
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
ла­у­а­зым­дар са­на­ты
Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
қызметтік басқару
E-2;
Е-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді;
Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді;
Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді;
Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді;
Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді;
Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды;
Бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді.;
Өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды;
Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды.
Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды;
Са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді;
Же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды;

Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
Бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды;
Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді;
Әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды.
Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
Бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды;
Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді;
Ба­ғы­ны­с­та­ғы тұ­лға­лар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді;
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды;
Тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды.
Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді;
Әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді;
 Әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды;
Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды;
Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды.
Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді;
Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды;
Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ала­ды;
Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды;
Өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды.
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды;
Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды;
Негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­ше­ді;
Ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­сай­ды;
Қыз­мет көр­се­ту­дің са­па­сын ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ же­ке үл­гі бо­лу ар­қы­лы көр­се­те­ді.
Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­стыр­май­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­шпей­ді;
Ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­са­май­ды;
Са­па­сыз қыз­мет көр­се­ту­ге жол бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық біл­ді­ре­ді.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Сы­пайы және ті­лек­те­стікпен қыз­мет көр­се­те­ді;
Қыз­мет көр­се­ту­ге қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дең­гей­ін тал­дай­ды және олар­ды же­тіл­ді­ру­дің жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
Қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс ен­гі­зе­ді.
Қыз­мет алушы­ға дө­ре­кі­лік және нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
Тұ­ты­ну­шы­ның сұ­рақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­ріне мән бер­мей­ді;
Қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша бел­сен­ді­лік та­ныт­пай­ды.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді;
Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді.
Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді;
Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды.
Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды.
ЖЕДЕЛДІЛІК
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
Өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді.
Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды;
Бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
Олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін -өзі ба­қы­лай­ды;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді.
Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды;
Жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді.
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды;
Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды.
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды;
Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді;
Тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды.
Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды;
Өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді.
АДАЛДЫҚ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың сақ­та­луын ба­қы­лай­ды;
Ұжым­ның мүд­де­сін өз мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ны­та­ды;
Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­сты­ра­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді;
Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды.
Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді;
Өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды;
Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сүй­е­не­ді;
Өзі­нің жұ­мысын адал орын­дай­ды;
Өзін адал, қа­ра­пай­ым, әділ ұстай­ды, бас­қа­лар­ға сы­пай­ы­лық және би­я­зы­лық та­ны­та­ды.
Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды;
Өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
Өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды.
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).

Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды.

Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды.
Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа тұл­ға­ға ар­та­ды.
БАСТАМАШЫЛДЫҚ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).

Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді.
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді.
E-3; *
E-4;
E-5.
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды.
Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды.
«Хромтау аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 5-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Құрылымдық бөлімше басшысы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ____________________________
қолы _________________________
Бағалау жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері

р/с
Қыз­мет­ші­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ко­мис­си­я­мен тү­зе­ті­луі (бар болған жағ­дай­да)
Ко­мис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: __________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: ____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)

Қолданыстағы