О признании утратившим силу некоторых решений Айтекебийского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых решений Айтекебийского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2018 119865_303439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CB000142
- ЭКБ идентификаторы
- 119865
- Редакция идентификаторы
- 119865_303439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:31
0 Әйтеке би аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күшін жою
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27, 50 баптарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Әйтеке би аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 2 наурыздағы № 193
шешіміне қосымша
Әйтеке би аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1 1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 «Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-70 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі;
2
2. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 123 «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 «Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-76 тіркелген, 2009 жылғы 14 мамырда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі;
3
3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 104 «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 «Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5309 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі;
4
4. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 33 «Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 тіркелген, 2016 жылғы 02 маусымдағы аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі;
5
5. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылдың 29 желтоқсандағы № 95 «Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 11 мамырдағы № 33 аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтарда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімі.