Об определении администратора и регистратуры доменных имен
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении администратора и регистратуры доменных имен
- Атауы (қаз.)
- Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39/НҚ
- Қабылданған күні
- 13.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2018 119914_305453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016642
- ЭКБ идентификаторы
- 119914
- Редакция идентификаторы
- 119914_305453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:24
0 Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың әкімшісі болып «Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі;
2 2) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың тіркеуіші болып «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесі айқындалсын.
2
2. «Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13204 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.