Об установлении единых ставок фиксированного налога по Кобдинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Кобдинскому району
- Атауы (қаз.)
- Қобда ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2020 119921_450118.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CG000158
- ЭКБ идентификаторы
- 119921
- Редакция идентификаторы
- 119921_450118
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:31
0 Қобда ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қобда ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Қобда аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1 1) 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 «Тіркелген салықтың біріңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-143 тіркелген, 2012 жылдың 24 наурызда аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешімі;
2
2) 2017 жылғы 13 наурыздағы № 71 «Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 «Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5384 тіркелген, 2017 жылдың 10 сәуірде аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешімі.
3 3. «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қобда аудандық мәслихатының
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 139 шешіміне қосымша
Қобда ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№
р/с
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10