Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Коксуского района

Ереже · № 27-2 · қабылданған 05.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119938/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Коксуского района Қолданыста Ереже ·№ 27-2 ·05.03.2018
05.03.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Коксуского района

Қолданыста Ереже ·№ 27-2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Коксуского района
Атауы (қаз.)
Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27-2
Қабылданған күні
05.03.2018
Көрсетілген редакция
05.03.2018 119938_303597.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DN004605
ЭКБ идентификаторы
119938
Редакция идентификаторы
119938_303597
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:28

0 Көксу ауданының

Құрмет грамотасымен
наградтау туралы
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Көксу ауданы мәслихатының

2018 жылғы «5» наурыздағы
№ 27-2 шешімімен бекітілген
қосымша
Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

2 2. Көксу ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

3

3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

4 4. Көксу ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.

5

5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

6 6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Көксу ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

7 7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

8 8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.

Құрмет грамотасын Көксу ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Көксу ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімдері және Көксу ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

9 9. Құрмет грамотасына Көксу ауданы әкімінің қолы қойылады.

10 10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Көксу ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

11 11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Көксу ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Қолданыстағы