Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан

Өзге акт · № 3-4/14 · қабылданған 14.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119986/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ 3-4/14 ·14.03.2018
14.03.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан

Қолданыста Өзге акт ·№ 3-4/14 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3-4/14
Қабылданған күні
14.03.2018
Көрсетілген редакция
14.03.2023 119986_626394.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016671
ЭКБ идентификаторы
119986
Редакция идентификаторы
119986_626394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:22

0 Қазақстан Республикасының Жоғары

Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 3-3/6 өкімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14907 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Ұйымдастыру бөлімі заңмен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы өкімнің ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Ұйымдастыру бөліміне жүктелсін.

5 5. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
аппараты басшысының
2023 жылғы « 14 » наурыздағы
№ 1-9/13 өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – Аппараттың «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;

2 2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

3 3) бағалаушы адам – мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;

4

4) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысының орынбасары (бұдан әрі – Аппарат басшысының орынбасары), Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының құрылымдық бөлімшеcінің басшысы (бұдан әрі – Аппараттың құрылымдық бөлімшесінің басшысы) – В-1 санатындағы Аппараттың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

5 5) Аппараттың «Б» корпусының қызметшісі – Аппарат басшысының орынбасары мен Аппараттың құрылымдық бөлімшесінің басшысын қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;

6 6) бағаланатын адам – Аппарат басшысының орынбасары, Аппараттың құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе Аппараттың «Б» корпусының қызметшісі;

7

7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – Аппарат басшысының орынбасары, Аппараттың құрылымдық бөлімшесінің басшысы үшін тәуелсіздігін қамтамасыз ету және судьялар кадрларын іріктеу саласындағы бағдарламалық құжаттардың нысаналы индикаторларына, «А» корпусы қызметшісінің келісіміне қол жеткізуге немесе мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;

8

8) саралау әдісі – «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі – бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;

9 9) 360 әдісі – бағаланатын адамның жұмыс ортасынан адамдар тобын сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;

10 10) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы адамдардың кездесулері;

11 11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.

3

3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

4 4. НМИ қол жеткізу және саралау әдісі бойынша бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

НМИ және саралау бойынша қорытынды баға «Б» корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.

5

5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

6 6. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппаратынан (бұдан әрі – Аппарат) жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 4-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

7 7. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:

«Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»,
«Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»,
«Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»,
«Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға).
«Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

8 8. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

9 9. 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

10 10. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді Аппараттың Әкімшілік бөлімінің персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету секторы (бұдан әрі – Сектор), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

Бұл ретте Сектор ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін бағалау кестесін жасайды, оны Аппарат басышысы бекітеді.

11 11. Сектор бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы таныстыруды қамтамасыз етеді.

12 12. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Аппарат басшысына калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

13 13. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

14 14. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде Секторда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде ақпараттық жүйеде сақталады.

15 15. Бағалау нәтижелері қатаң жасырын ақпарат болып табылады және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Аппарат осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.

16 16. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен Сектор қарастырады.

17 17. Бағалаушы адам мыналарға жауапты болады:

1 1) Аппарат/Аппараттың құрылымдық бөлімше жұмысының есептік кезеңдегі жалпы нәтижесі жөнінде бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;

2 2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;

3

3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;

4 4) бағалау процесінде бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға және оларды шешуге қатысу.

18 18. Бағаланатын адам мыналарға жауапты болады:

1 1) олардың НМИ/қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;

2 2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін-өзі бағалауды жүргізу;

3 3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.

19 19. Сектордың басшысы мыналарға жауапты болады:

1 1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;

2 2) НМИ уақтылы талдау мен келісу;

3 3) қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

4 4) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

5 5) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.

20 20. Бағалау нәтижелері бағаланатын адамға, бағалаушы адамға, Сектор меңгерушісіне және калибрлеу сессияларының қатысушыларына ғана белгілі болуы мүмкін.

2 2-тарау. Аппарат басышысының орынбасары мен Аппараттың құрылымдық бөлімшесінің басшысын НМИ қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі

21 21. Аппарат басышысының орынбасарын, Аппараттың құрылымдық бөлімшесі басшысының қызметін бағалау НМИ қол жеткізді бағалау әдісі негізінде жүзеге асырылады.

22 22. НМИ-ды бағалаушы адам Сектормен келісімі бойынша осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын Аппарат басышысы орынбасарының, Аппараттың құрылымдық бөлімшесі басшысының жеке жұмыс жоспарында белгілейді.

Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде белгіленеді.
Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сектор жеке жұмыс жоспарының ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Егер қызметші тағайындалған күннен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді.
Аппарат басышысы орынбасарының, Аппараттың құрылымдық бөлімшесі басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында Сектор НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) бағалаушы адамға жолдайды.

23 23. НМИ үштен беске дейінгі мөлшерде белгіленеді және бағаланатын кезеңнің соңына дейін бағаланатын адам қызметінің күтілетін нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс.

24 24. НМИ мақсатқа қол жеткізу өлшемінің сандық және сапалық индикаторларынан тұруы тиіс және:

1 1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2 2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);

3 3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

4 4) уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді) болуы;

5 5) сот кадрларын тәуелсіздігін қамтамасыз ету және іріктеу саласындағы бағдарламалық құжаттардың, оның ішінде «А» корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға не аппарат қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған құжаттар болуы тиіс.

25 25. НМИ-ге өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тікелей әсер ететін Аппараттың функциялары мен құрылымы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

26 26. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда Сектор Аппарат басышысының орынбасарын, Аппарат құрылымдық бөлімше басшысын оған қатысты бағалауды өткізу туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

27 27. Бағалау парағы бағалаушы адамға қарау үшін ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда Сектормен жолданады.

Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды.
Бағаларды қою кезінде бағалаушы адам осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйінді нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.

3 3-тарау. Аппараттың «Б» корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі

28 28. Аппараттың «Б» корпусының қызметшілерін бағалау саралау әдісі бойынша жүзеге асырылады.

29

29. Аппараттың «Б» корпусының қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды Аппарат құрылымдық бөлімшенің басшысы осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

30 30. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда Сектор Аппараттың «Б» корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілетіні туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

31 31. Ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда Сектормен бағалаушы адамға бағалау парағы жіберіледі.

Бағалаушы адам осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-ке дейін) қояды.

32 32. Аппараттың «Б» корпусының қызметшілерін бағалау олардың бағаланатын кезеңде функционалдық міндеттерін орындау кезінде қол жеткізген нәтижелерінің деңгейі мен орындалған жұмыстың көлемі мен күрделілігі ескере отырып, мынадай параметрлер бойынша айқындалады:

функционалдық міндеттерді орындау сапасы;
тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау;
дербестік және бастамашылық;
еңбек тәртібі.

4 4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі

33 33. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет ақпараттық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

Аппарат басышысының орынбасары, Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін 360 әдісі бойынша бағалау осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, «Б» корпусының қызметшілері үшін осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

34 34. 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамдардың санаттарына байланысты мынадай құзыреттер бағаланады:

Аппарат басышысының орынбасары, Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін:
қызметті басқару;
тиімді коммуникацияларды құру;
әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;
өзгерістерді басқару;
нәтижеге бағдарлану;
дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;
топты басқару;
көшбасшылық қасиеттер;
ынтымақтастық;
жеделділік;
өзін-өзі дамыту;
бастамшылдық;
Аппараттың «Б» корпусының қызметшілері үшін:
тиімді коммуникацияларды құру;
әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;
өзгерістерді басқару;
нәтижеге бағдарлану;
дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;
ынтымақтастық;
жеделділік;
өзін-өзі дамыту.

35 35. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны әрбір бағаланатын адам үшін ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда Сектор дербес анықтайтын үш адамнан кем болмауы және жеті адамнан артық болмауы тиіс.

Қызметшіні 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы көзделген. Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау есепке алынбайды.
Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:

1 1) тікелей басшы;

2 2) бағалаушы адамға тікелей бағынатын «Б» корпусының қызметшісі;

3 3) лауазымы бойынша бағаланушы адаммен бір деңгейде және онымен өзара тығыз жұмыс істейтін адамдар.

36

36. Сектор 360 әдісі бойынша бағалау процесін басқарады, жеке есептерді жасайды және осы Әдістеменің 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы 360 бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынуды ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары тақырыптарын қалыптастыру кезінде Сектор 360 әдісімен бағалау қорытындыларын, оның ішінде қызметшінің ең аз анықталған құзыреттерін ескереді.

5 5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

37 37. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында осы Әдістеменің 12-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

38 38. Аппарат басшысы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және және оның құрамын бекітеді.

39 39. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 12-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

40 40. Сектор калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

41 41. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.

Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.
Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.
Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Сектор хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

42 42. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады.

Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:
бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;
машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;
қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.
Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

1.1 Аппараттың басшысы орынбасарының/ Аппараттың құрылымдық бөлімшесі басшысының жеке жұмыс жоспары _________________________________________________ жыл (жеке жоспар құрылатын кезең)

Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
жоғары тұрған басшы
___________________________
(тегі, бас әріптер)
күні _______________________
қолы ____________________
Аппараттың басшысы орынбасарының/ Аппараттың құрылымдық бөлімшесі басшысының жеке жұмыс жоспары
_________________________________________________
жыл (жеке жоспар құрылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): __________________________
Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________
№ р/р
НМИ ата­уы
«А» кор­пу­сы қыз­ме­ті­ші­сі ке­лі­сі­мі­нің қай көр­сет­кі­ші­нен неме­се мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты­нан түй­ін­де­ле­ді
Өл­шем бір­лі­гі
Жос­пар­лы мәні
Қол жет­кі­зу мер­зі­мі
Түй­ін­ді нәти­же*
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
Ескертпе: нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер.

1.2 НМИ бойынша бағалау парағы ________________________________________________ (бағаланатын адамның Т.А.Ә., лауазымы) _________________________________ (бағаланатын кезең)

Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
НМИ бойынша бағалау парағы
________________________________________________
(бағаланатын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
_________________________________
(бағаланатын кезең)
№ р/р
НМИ ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Жос­пар­лы мәні
Нақ­ты мәні
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
Кестенің жалғасы
НМИ пай­ы­здық іс­ке асуы
Ба­ға­лау
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
1-тоқ­сан
2-тоқ­сан
3-тоқ­сан
4-тоқ­сан
Қорытынды бағалау __________________________________
НМИ санына бөлінген НМИ бойынша бағалау сомасы
Бағалау нәтижесі: _____________________________________________
(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға).
Қызметшінің бағалау нәтижесі қорытынды бағаның негізінде қойылады
Бағаланатын адам
___________________________________
(тегі, бас әріптер)
күні_________________________________
қолы________________________________
Бағалайтын адам
________________________________________
(тегі, бас әріптер)
күні____________________________________
қолы___________________________________

1.3 Нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты рұқсат етілетін бағаны анықтау кестесі

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты рұқсат етілетін бағаны анықтау кестесі
Ны­са­на­лы мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор­ды пай­ы­з­бен және са­ра­лау па­ра­метр­ле­рін іс­ке асы­ру
Рұқ­сат еті­л­ген ба­ға­лау ауқы­мы*
100 және одан жо­ға­ры
5
95-99,99
4,75-4,99
90-94,99
4,5-4,74
85-89,99
4,25-4,49
80-84,99
4-4,24
75-79,99
3,75-3,99
70-74,99
3,5-3,74
65-69,99
3,25-3,49
60-64,99
3-3,24
55-59,99
2,75-2,99
50-54,99
2,5-2,74
45-49,99
2,25-2,49
40-44,49
2-2,24
35-39,99
1,75-1,99
30-34,99
1,5-1,74
25-29,99
1,25-1,49
20-24,99
1-1,24
15-19,99
0,75-0,99
10-14,99
0,5-0,74
5-9,99
0,25-0,49
0-4,99
0-0,24
Ескертпе: Бағалау нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Бұл ретте рұқсат етілген ауқымда бағалаушы адам өз қалауы бойынша баға қояды.

1.4 Саралау әдісі бойынша бағалау парағы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
Саралау әдісі бойынша бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә. _____________________________
Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә. _______________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша саралау әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.
Па­ра­метр­лер
Кри­те­рий­лер
Ба­ға­лау (1-ден 5 бал­л­ға дей­ін)
Негіз­де­ме
1. Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­дау са­па­сы*
Негіз­дел­ген ес­кер­ту­лер мен ша­ғым­дар­дың бол­мауы
2. Мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рін сақ­тау
Құ­жат­тар­ды, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау мер­зім­де­рі­нің бұ­зыл­мауы
3. Дер­бес­тік және ба­ста­ма­шы­лық.
Қыз­мет­ші­нің функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін жо­ға­ры дең­гей­де дер­бес орын­дай алуы. Мем­ле­кет­тік ор­ган қыз­ме­ті­нің са­ла­сын же­тіл­ді­ру­ге ба­ғыт­тал­ған ұсы­ны­стар мен пы­сық­тал­ған тә­сіл­дер­де ба­ста­ма­шыл­дық та­ны­ту. Мем­ле­кет­тік ор­ган мін­дет­те­рін орын­да­уда­ғы бел­сен­ді­лі­гі мен қа­ты­суы.
4. Ең­бек тәр­ті­бін сақ­тау
Дәлел­ді се­беп­тер­сіз жұ­мыстан ке­шік­пеу, уа­қы­ты­нан бұ­рын жұ­мыстан кет­пеу, тәр­тіп­тік жа­за­сы­ның бол­мауы, қыз­мет­тік әдеп­тің бұ­зыл­мауы.
Ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға
Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.
Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға).
Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
Қойылған бағаға негіздеме ___________________

1.5 Аппарат басшысының орынбасарын/ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын 360 әдісімен бағалау парағы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
Аппарат басшысының орынбасарын/ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын 360 әдісімен бағалау парағы
Т. А.Ә_______________________________________________________
Құрметті респондент!
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.
Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
№ р/р
Құ­зы­рет­тер­дің ата­уы
Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша сұ­рақ­тар
Жа­у­ап­тар
1
Қыз­мет­ті бас­қа­ру
Стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қо­яды және тап­сыр­ма­лар бе­ре­ді
Бө­лім­ше­нің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­тай­ды және жағ­дай жа­сай­ды
Ба­сым­дық бе­ре оты­рып, бө­лім­ше­нің жұ­мысын ти­ім­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды
Қыз­мет­ті бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
2
Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру
Өз қыз­ме­тін әріп­те­сте­рі­мен үй­ле­сті­ре ала­ды, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ға ашық, іс­кер­лік ын­ты­мақ­та­стық­қа дай­ын­дық та­ны­та­ды, қа­жет болған жағ­дай­да әріп­те­сте­ріне кө­мек­те­се­ді
Жан­жал­дар­ды ор­тақ іс үшін пай­да­мен ше­ше ала­ды, бұл рет­те өз көз­қа­ра­сын дәлел­ді жет­кі­зе­ді және әріп­те­сте­рі­нің пі­кі­рін ес­ке­ре­ді
Мүд­де­лі та­рап­тар­мен топ­тың/ко­ман­да­ның / ти­ім­ді жұ­мысын құ­ра­ды
Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
3
Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну
Әдеп ко­дек­сіне сәй­кес бар­лық жағ­дай­лар­да әдеп мі­нез-құлық ере­же­ле­рін қа­таң сақ­тай­ды
Па­ра­сат­ты­лық, шы­най­ы­лық, ті­лек­те­стік, әріп­те­сте­рі мен мүд­де­лі та­рап­тар­ға сый­ла­стық қа­ғи­дат­та­рын ұста­на­ды
Күй­зе­лі­стік жағ­дай­да өзін ұстай ала­ды, ше­шім із­дей­ді және та­ба­ды
Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
4
Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру
Ұй­ым­да­ғы өзге­рі­стер­ге оң көз­қа­рас­пен қа­рай­ды
Өзгер­ген жағ­дай­ға сәй­кес өз әре­кет­те­рі­нің так­ти­ка­сын бей­ім­дей­ді, сәт­сіз­дік­тің се­беп­те­рін тал­дай­ды және тә­сіл­дер­ді неме­се стра­те­ги­я­ны өзгер­те­ді
Қыз­мет­кер­лер­дің ба­ста­ма­ла­рын қол­дай­ды және кө­тер­ме­лей­ді
Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
5
Нәти­же­ге бей­ім­де­лу
Күр­де­лі мақ­сат­тар қой­ып, олар­ға қол жет­кі­зе­ді
Тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін қо­сым­ша күш са­ла­ды
Нәти­же­ге қол жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті өзіне ала­ды
Нәти­же­ге бағ­дар бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
6
Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры
Мүм­кін­дік­тер­ді, тәу­е­кел­дер­ді тал­дай ала­ды, сон­дай-ақ ре­сур­стар­ды есеп­тей және жос­пар­лай ала­ды
Бел­гі­сіз­дік жағ­дай­ын­да ти­ім­ді әре­кет ете ала­ды
Ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше нұс­қа­сын ұсы­на­ды
Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
7
Ко­ман­да­ны бас­қа­ру
Еш­қа­шан адам­дар­ға тәу­ел­ді емес, әр­қа­шан же­ке ұна­ту неме­се ұнат­па­удан аулақ бо­ла ала­ды
Өза­ра әре­кет­те­су және ын­та­лан­ды­ру ке­зін­де ба­ғы­ны­шты­ның да­ра­лы­ғын анық­тай және ес­ке­ре ала­ды
Ко­ман­да­ны ша­быт­тан­ды­ра және ын­та­лан­ды­ра ала­ды
Ко­ман­да­ны бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
8
Көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер
Ын­та мен та­лант­ты, өз-өзіне де­ген се­нім­ді көр­се­те­ді
Ха­риз­ма­ти­ка­лық тұл­ға, ба­ғы­ны­шты­лар­ды ын­та­лан­ды­ру үшін өзі­нің тұ­лға­лық кү­шін пай­да­ла­на­ды
Қыз­мет­кер­лер­ді ын­та­лан­ды­ру­ға дай­ын, кө­тер­ме­леу мен сө­гіс ара­қа­ты­на­сын са­у­ат­ты таң­дай­ды
Көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
9
Ын­ты­мақ­та­стық
Құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен өза­ра ти­ім­ді іс-қи­мыл жа­са­у­ға бағ­дар­лай­ды
Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­мен бір­ле­сіп жос­пар­лар­ды іс­ке асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зе­ді
Ын­ты­мақ­та­стық бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға­лау
10
Же­дел­ді­лік
Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды уақ­ты­лы жет­кі­зе­ді
Өзге­рі­стер­ге уақ­ты­лы әре­кет ету үшін ти­ім­ді ша­ра­лар­ды әзір­лей­ді
Бө­лім­ше­ні ти­ім­ді бас­қа­рып, іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді
Же­дел­ді­лік бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
11
Өзін өзі да­мы­ту
Пер­спек­тив­ті қыз­мет­кер­лер­ді анық­тай­ды және олар­ды жы­л­жы­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді
Қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар қа­был­дай­ды
Өз мы­са­лын­да өзін-өзі да­мы­ту­ға де­ген ұм­ты­лы­сты көр­се­те­ді
Өзін-өзі да­мы­ту бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
12
Ба­ста­ма­шы­лық
Қыз­мет­тің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер­ді ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және әзір­лей­ді
Қыз­мет­тің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер­ді ен­гі­зу бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қыз­ме­тін же­тіл­ді­ру үшін жо­ба­лар­ға ба­ста­ма­шы­лық ете­ді
Ба­ста­ма­шы­лық бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға­лау
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.

1.6 «Б» корпусы қызметшілерін 360 әдісімен бағалау парағы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
6-қосымша
Нысан
«Б» корпусы қызметшілерін 360 әдісімен бағалау парағы
Бағаланатын қызметкердің Т.А.Ә ______________________________
Құрметті респондент!
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.
Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
№р/р
Құ­зы­рет­тер­дің ата­уы
Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша сұ­рақ­тар
Жа­у­ап­тар
1
Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар құ­ру
Өз қыз­ме­тін әріп­те­сте­рі­мен үй­ле­сті­ре ала­ды, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ға ашық, іс­кер­лік ын­ты­мақ­та­стық­қа дай­ын­дық та­ны­та­ды, қа­жет болған жағ­дай­да әріп­те­сте­ріне кө­мек­те­се­ді
Жан­жал­дар­ды ор­тақ іс үшін пай­да­мен ше­ше ала­ды, бұл рет­те өз көз­қа­ра­сын дәлел­ді жет­кі­зе­ді және әріп­те­сте­рі­нің пі­кі­рін ес­ке­ре­ді
Мүд­де­лі та­рап­тар­мен топ­тың/ко­ман­да­ның / ти­ім­ді жұ­мысын құ­ра­ды
Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
2
Әдеп нор­ма­ла­рын және қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну
Әдеп ко­дек­сіне сәй­кес бар­лық жағ­дай­лар­да әдеп мі­нез-құлық ере­же­ле­рін қа­таң сақ­тай­ды
Па­ра­сат­ты­лық, шы­най­ы­лық, ті­лек­те­стік, әріп­те­стер мен мүд­де­лі та­рап­тар­ға сый­ла­стық қа­ғи­дат­та­рын ұста­на­ды
Күй­зе­лі­стік жағ­дай­да өзін ұстай ала­ды, ше­шім із­дей­ді және та­ба­ды
Әдеп нор­ма­ла­рын және қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
3
Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру
Ұй­ым­да­ғы өзге­рі­стер­ге оң көз­қа­рас­пен қа­рай­ды
Өзгер­ген жағ­дай­ға сәй­кес өз әре­кет­те­рі­нің так­ти­ка­сын бей­ім­дей­ді, сәт­сіз­дік­тің се­беп­те­рін тал­дай­ды және тә­сіл­дер­ді неме­се стра­те­ги­я­ны өзгер­те­ді
Қыз­мет­кер­лер­дің ба­ста­ма­ла­рын қол­дай­ды және кө­тер­ме­лей­ді
Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
4
Нәти­же­ге бей­ім­де­лу
Күр­де­лі мақ­сат­тар қой­ып, олар­ға қол жет­кі­зе­ді
Тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін қо­сым­ша күш са­ла­ды
Нәти­же­ге қол жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті өзіне ала­ды
Нәти­же­ге бей­ім­де­лу бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
5
Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры
Мүм­кін­дік­тер­ді, тәу­е­кел­дер­ді тал­дай ала­ды, сон­дай-ақ ре­сур­стар­ды есеп­тей және жос­пар­лай ала­ды
Бел­гі­сіз­дік жағ­дай­ын­да ти­ім­ді әре­кет ете ала­ды
Ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше нұс­қа­сын ұсы­на­ды
Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
6
Ын­ты­мақ­та­стық
Құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді өза­ра іс-қи­мыл жа­са­у­ға бағ­дар­лай­ды
Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды
Бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­лар­ды іс­ке асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зе­ді
Ын­ты­мақ­та­стық бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
7
Же­дел­ді­лік
Жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді
Жа­ңа тә­сіл­де­рі және олар­ды ен­гі­зу әді­сте­рін зер­де­лей­ді
Өзге­ре­тін жағ­дай­лар­ға тез бей­ім­де­ле­ді
Же­дел­ді­лік бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
8
Өзін өзі да­мы­ту
Жа­ңа бі­лім мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды
Өзін-өзі да­мы­ту­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат пен оны қол­да­ну тә­сіл­де­рін із­дей­ді
Ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жа­ңа дағ­ды­лар­ды іс жү­зін­де қол­да­на­ды
Өзін өзі да­мы­ту бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.

1.7 Қызметшіні 360 әдісімен бағалау нәтижесі (Аппарат басшысының орынбасарын/ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін)

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
7-қосымша
Нысан
Қызметшіні 360 әдісімен бағалау нәтижесі
(Аппарат басшысының орынбасарын/ Аппараттың құрылымдық
бөлімшелерінің басшылары үшін)
Т. А.Ә. ________________________________________________________

Құ­зы­рет
Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға
Па­у­тин­ка
1
Қыз­мет­ті бас­қа­ру
2
Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру
3
Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну
4
Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру
5
Нәти­же­ге бағ­дар­ла­ну
6
Дер­бес­тік және ше­шім­дер­ді қа­был­дау дағ­ды­ла­ры
7
Топ­ты бас­қа­ру
8
Көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер
9
Ын­ты­мақ­та­стық
10
Же­дел­ді­лік
11
Өзін-өзі да­мы­ту
12
Ба­ста­ма­шыл­дық
Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: _______________________________

1.8 Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижелері (Аппараттың «Б» корпусының қызметшілері үшін)

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
8-қосымша
Нысан
Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижелері
(Аппараттың «Б» корпусының қызметшілері үшін)
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә.__________________________

Құ­зы­рет
Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға
Па­у­тин­ка
1
Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар құ­ру
2
Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну
3
Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру
4
Нәти­же­ге бағ­дар­ла­ну
5
Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры
6
Ын­ты­мақ­та­стық
7
Же­дел­ді­лік
8
Өзін-өзі да­мы­ту
Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: ______________________________

Қолданыстағы