Кіру
Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 211 · қабылданған 14.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120010/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 211 ·14.03.2018
04.02.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 211 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
14.03.2018
Көрсетілген редакция
04.02.2022 120010_560247.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NM007625
ЭКБ идентификаторы
120010
Редакция идентификаторы
120010_560247
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:23

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру

туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5 тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

2. Мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

2015 жылғы 13 сәуірдегі № 274 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5578 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда «Қарасу өңірі» газетінде жарияланған);
2016 жылғы 1 наурыздағы № 357 «Мәслихаттың 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 274 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6257 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде «Қарасу өңірі» газетінде жарияланған).

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Қ. Рахметов
2018 жылғы 14 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарасу ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Д. Тұрсынбаева
2018 жылғы 14 наурыз

Қолданыстағы