Құжат мәтініне өту

О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова»

Қаулы · № 151 · қабылданған 31.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120017/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова» Қолданыста Қаулы ·№ 151 ·31.03.2018
31.03.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова»

Қолданыста Қаулы ·№ 151 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова»
Атауы (қаз.)
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151
Қабылданған күні
31.03.2018
Көрсетілген редакция
31.03.2018 120017_305458.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000151
ЭКБ идентификаторы
120017
Редакция идентификаторы
120017_305458
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:01

0 «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.

2 2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4 4. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

5

5. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының балансындағы республикалық мүлік және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

6 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2 2) құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3 3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

5 5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

7 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру үшін осы қаулының 1, 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін берсін.

8 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

2 2) құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3 3) КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

5 5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

9 9. Осы қаулының 8-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін КеАҚ оған қоғамды қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

10 10. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

11 11. Осы қаулы оның 9-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін қолданысқа енгізілетін 10-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

22 «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық меншіктің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 31 наурыздағы
№ 151 қаулысына
қосымша
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық меншіктің тізбесі
Р/с№
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Қалдық құны бойынша бірлік бағасы (теңге)
Барлық қалдық құны (теңге)
1
2
3
4
5
6
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны балансындағы мүлік
1
ХА-30+ВР-820 цифрлық бейнекамерасы
дана
1
622 066,65
622 066,65
2
Ноутбук
дана
1
327 249,98
327 249,98
3
Фотокамера жиынтығы, қабымен
дана
1
341 250,00
341 250,00
4
Sony DCR-SX44E бейнекамерасы
дана
1
6 015,17
6 015,17
5
Сауран көшесі, 7а, жалпы ауданы 515,6 ш-м. жапсарлас ғимарат
дана
1
48 677 328,96
48 677 328,96
6
Басшыға арналған кресло
дана
1
41 250,00
41 250,00
7
Былғары кресло (Elf steel chrome)
дана
1
2 267,38
2 267,38
8
Мини АТС КХ-ТЕМ 824 CA
дана
1
38 014,41
38 014,41
9
Canon i-Sensys MF 4410 КФҚ
дана
3
7 181,76
21 545,28
10
Samsung VCD-9420 шаңсорғышы
дана
1
14 143,74
14 143,74
11
Panasonic KX-T 7735 RU жүйелік т/а
дана
1
8 321,47
8 321,47
12
«Орех» 10 үстелі
дана
1
1 095,64
1 095,64
13
«Орех» 11 үстелі
дана
1
2 411,42
2 411,42
14
ЖК Panasonic ТХ-РR2С2 теледидары
дана
1
24 375,66
24 375,66
15
Кітапханаға арналған сауда жабдығы
дана
1
1 078,82
1 078,82
16
Демалыс жиһазы (Илья 3+1+1)
дана
1
38 632,74
38 632,74
17
Сауран көшесі, 7а бойынша күзет -өртке қарсы дабылдарын орнату және жаңғырту
дана
1
274 241,73
274 241,73
18
Sony DSC фотоаппараты
дана
1
7 365,00
7 365,00
19
141 тоңазытқышы
дана
1
1 182,60
1 182,60
20
24 ШБК жәшіктік картотека шкафы
дана
1
29 873,33
29 873,33
21
Дербес әмбебап компьютер
дана
3
289 100,02
867 300,06
22
AST-H61-MV DELL E2417H компьютері
дана
1
239 750,02
239 750,02
1
2
3
4
5
6
23
AST-H61-MV HP Pro Display P232 компьютері
дана
2
239 750,02
479 500,04
24
Көп функционалды құрылғы
дана
1
113 750,02
113 750,02
25
Көп функционалды құрылғы
дана
1
88 200,00
88 200,00
26
Компьютер жиынтығы
дана
5
148 698,72
743 493,60
27
Монитор 21.5 /пернетақта және тінтуір/
дана
2
10 833,60
21 667,20
28
Монитор 23.8 /пернетақта және тінтуір/
дана
1
16 083,80
16 083,80
29
ASYS X554LA ноутбугі
дана
1
29 962,60
29 962,60
30
Canon LBP7018C лазерлі принтері
дана
1
12 201,21
12 201,21
31
Процессор /жүйелік плата
дана
3
29 392,40
88 177,20
32
Ноутбук
дана
1
249 900,00
249 900,00
Барлығы
53 429 695,73
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің балансындағы мүлік
1
IBM WebSphere Portal Express
дана
1
5 531 753,54
5 531 753,54
2
IBM Workplace Collaboration
дана
1
7 428 338,40
7 428 338,40
3
Монитор Apple Cinema Display 23
дана
1
57 628,02
57 628,02
4
Телекоммуникациялық есептеу жабдығы/серверлік жабдық
дана
1
26 079 699,93
26 079 699,93
5
IBM 9910-P333kVA.1Yr үздіксіз қоректендіру көзі
дана
2
592 081,47
1 184 163
6
IBM Ultrium4 800G/1600GB Cartridge картриджі
дана
40
18 627,21
745 088,40
7
IBM Cleaning тазалауға арналған картриджі
дана
2
18 627,41
37 254,82
8
HMC: 7042-CR4 Rack-mounted. Hardw.Mgmt.Cons басқару консолі
дана
1
1 397 046,00
1 397 046,00
9
IBM TS3200 Ultrium 4 Fiber Channel Tape ленталық кітапханасы
дана
1
4 669 626,33
4 669 626,33
10
ІВМ Т42 Rack Cabinet, 1 Yr монтаждау шкафы
дана
1
338 365,00
338 365,00
11
ІВМ TotalStorage деректерді сақтау желісінің оптикалық коммутаторы
дана
2
851 532,87
1 703 065,74
12
PowerEdge R710 сервері
дана
1
647 367,00
647 367,00
13
Серверлік жабдық
дана
1
21 784 220,07
21 784 220,07
14
ATIZ Book Drive сканері
дана
1
2 794 092,00
2 794 092,00
Жиынтығы
74 397 708,19
БАРЛЫҒЫ
127 827 404,0

23 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 31 наурыздағы
№ 151 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-185-жолмен толықтырылсын:
«21-185. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

2 2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-38-2-жолмен толықтырылсын:
«224-38-2. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.».

3 3. «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 32-қосымшада:
2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
36
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында қызмет көрсету
Қазақстан Республикасын
дағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізу
Қазақстан Республика сының Мәдениет және спорт министрлігі
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ
021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
403 905
».

Қолданыстағы