Об установлении единых ставок фиксированного налога по Темирскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Темирскому району
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2020 120027_449514.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CJ000178
- ЭКБ идентификаторы
- 120027
- Редакция идентификаторы
- 120027_449514
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:31
0 Темір ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Темір ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1 1) Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 «Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-122 тіркелген, 2010 жылғы 5 наурызда «Темір» газетінде жарияланған) шешімі;
2
2) Темір аудандық мәслихатының 2017 жылдың 17 ақпандағы № 83 «Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 «Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5297 тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда «Темір» газетінде жарияланған) шешімі.
3 3. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Темір аудандық маслихатының
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 193 шешіміне қосымша
Темір ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10