«ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Арал» кенішінің шартты (контракты) аумағы шегінде орналасқан «Сарышоқы» (шығыс жақ жартысы) учаскесінде кварц құмдарын өндіру жұмыстарын жүргізу үшін «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 152-11 «Жер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Арал» кенішінің шартты (контракты) аумағы шегінде орналасқан «Сарышоқы» (шығыс жақ жартысы) учаскесінде кварц құмдарын өндіру жұмыстарын жүргізу үшін «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы от 15.03.2002 г. № 188 («ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Арал» кенішінің шартты (контракты) аумағы шегінде орналасқан «Сарышоқы» (шығыс жақ жартысы) учаскесінде кварц құмдарын өндіру жұмыстарын жүргізу үшін «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы)
1. «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Арал» кенішінің шартты (контракты) аумағы шегіндегі «Сарышоқы» (шығыс жақ жартысы) учаскесінде кварц құмдарын өндіру жұмыстарын жүргізу үшін «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Арал ауданының босалқы жерінен жалпы көлемі 16,4 гектар, оның ішінде: жайылымы 13,28 гектар, бөгде жері 3,12 гектар жер учаскесіне уақытша пайдалану құқығы 5 (бес) жылға жалға берілсін.
2. 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін уақытша пайдалануға, ауылшаруашылық алаптарының айналымынан алынуына байланысты ауылшаруашылық өндірісінің шығынын бағалау кесімі» бекітілсін.
3. Берілген жер учаскесінің жыл сайынғы жал ақысы жер салығы сомасының 120 пайызы мөлшерінде болып белгіленсін.
4. «ЛАТОН-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серкітестігі жал мерзімі біткен соң көлемі 16,4 гектар жер учаскесін қайта жарату арқылы бастапқы қалпына келтірсін.