Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения

Қаулы · № 57 · қабылданған 05.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120069/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении порядка размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Күшін жойған Қаулы ·№ 57 ·05.02.2018
20.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения

Күшін жойған Қаулы ·№ 57 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения
Атауы (қаз.)
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
05.02.2018
Көрсетілген редакция
20.06.2019 120069_412605.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18C0005893
ЭКБ идентификаторы
120069
Редакция идентификаторы
120069_412605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:55

0 Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13-бабының 1-1-тармағының 6-4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т. Төленбергеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2018 жылғы 5 ақпандағы
№ 57 қаулысымен бекітілген
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру тәртібі

1

1. Осы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру тәртібі (әрі қарай-Тәртіп) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсанындағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа да жарнамаларды тұрақты орнату объектілері сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.

2

2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінің жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы, жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.

3

3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берілмейтін ретте жүзеге асырылады.

4

4. Нысан иелерімен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға, коммерциялық емес акционерлік қоғам «Мемлекеттік корпорациясы «азаматтарға арналған Үкімет» «электрондық Үкімет» веб-порталына немесе (www.egov.kz, www.elicense.kz) сайттарына осы Тәртіпке қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды, егерде өтінішке сәйкес объектілерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа орынды ұсынады, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

5

5. Мәселе оң шешілген жағдайда нысанды (объектіні) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, бұл паспорт рұқсат құжаты болып келеді, паспорттың қолдану мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.

6 6. Паспортты облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.

Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт және жарнама объектісінің эскизі қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы және жарнама объектісінің эскизі объектінің іс жүзіндегі мөлшері паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.

7 7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.

8 8. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға жол берілмейді.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің нақты орналасытру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

9 9. Сыртқы (көрнек) жарнама өз бетінше орналастырылған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.

Жолға бөлінген белдеуді өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.

17 Облыстық және аудандық маңызы бар

жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының жолға бөлінген
белдеуінде сыртқы (көрнекті) жарнаманы
орналастыру тәртібіне
қосымша
(басшының Т.А.Ә.)
___________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
___________________________________
заңды тұлғаның толық атауы
___________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
___________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
___________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы
Өтініш
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама
обьектісін орналстыруға паспорт беруіңізді сұраймын.
Күні _______ Алушы ____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
____________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
____________________________________________
атауы, қолы)

Қолданыстағы