Қолданыстағы ред. 26.03.2002 (Редакция 12007_295718.kaz)

Кейбір санаттағы азаматтарға емделуге және тексерілуге барғандағы жол ақы шығынын өтеу туралы от 26.03.2002 г. № 197 (Кейбір санаттағы азаматтарға емделуге және тексерілуге барғандағы жол ақы шығынын өтеу туралы)

0

Кейбір санаттағы азаматтарға емделуге және тексерілуге барғандағы жол ақы шығынын өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" №751 Жарлығы мен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" №357-1 Заңының 12 бабын жүзеге асыру мақсатында және түрлі аурулармен ауыратындардың әлеуметтік жағдайлары нашар бөлігін әлеуметтік қорғау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Кейбір санаттағы азаматтардың Республикалық арнайы клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық емдеу - профилактикалық мекемелеріне емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеудің тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2

2. Облыстық еңбек, халықты жўмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (М. Мәселееваға) кейбір санаттағы азаматтарға емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығынын өтеуді екінші дәрежедегі банкілер арқылы азаматтардың жеке есеп шотына аудару жолымен жасасын.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.

4. ТӘРТІБІ

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 26 наурыздағы
N 197 қаулысымен бекітілген
Кейбір санаттағы азаматтарға емделуге және тексерілуге барғандағы
жол шығынын өтеудің
ТӘРТІБІ
І. Жалпы шарттары
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" №751 Жарлығы мен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" №357-1 Заңының 12 бабын жүзеге асыру үшін және халықтың әлеуметтік жағдайлары нашар бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында, кейбір санаттағы азаматтардың түрлі аурулармен ауырғанда Республикалық арнайы клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтау саласының Республикалық емдеу-профилактикалық мекемелеріне емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын Облыстық бюджеттің қаржысы есебінен өтеу тәртібін белгілейді.
ІІ. Республикалық арнайы клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық емдеу-профилактикалық мекемелеріне емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығынының өтемін алу қўқы Республикалық арнайы клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтау саласының Республикалық емдеу-профилактикалық мекемелеріне емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығынының өтемін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1132 бўйрығымен бекітілген "Ауруларды белгіленген квота бойынша Республикалық арнайы клиникаларға емделуге жіберу тәртібіне" сәйкес берген жолдамасымен барған аз қамтылған азаматтар арасынан атаулы әлеуметтік көмек алатын халықтың әлеуметтік жағдайлары нашар бөлігінің мүшелері алуға қўқы бар.
ІІІ. Республикалық арнайы клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық емдеу-профилактикалық мекемелеріне емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығынының өтемін қамтамасыз ету тәртібі Ауруларға, қажет болған жағдайда өздігінен жүре алмайтын науқас адамды алып барушыға (ата-анасына), тек бір адамға, жол шығыны жылына бір рет (барып, қайту) темір жол көлігінде плацкарт вагонының қўнының көлемінде, оның арызы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының (ф.№020/у) жолдамасының негізінде Облыстық еңбек, халықты жўмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы беріледі.

iv

IV. Қаржыландыру көздері
Бірінші тармақтағы көрсетілген ауруларға емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығыны облыстық денсаулық сақтау басқармасының квота бойынша берген ф.№020/у үлгідегі "Клиникаларға емделуге жіберу" жолдамасының негізінде облыстық бюджеттің есебінен өтеледі. Әлеуметтік көмек ретінде көрсетілетін, азаматтарға ел ішінде емделуге кететін жол шығынына төленетін әлеуметтік төлемдер 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 715 Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер" деген 10560 бағдарламасымен жүзеге асырылады.