Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Степногорска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Степногорска
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-25/9
- Қабылданған күні
- 27.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2020 120090_456520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BB006484
- ЭКБ идентификаторы
- 120090
- Редакция идентификаторы
- 120090_456520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:37
0 Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2
2. Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С-17/5 «Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5938 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев
27.02.2018 ж.
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы Р. Рамазанов
27.02.2018 ж.
4 Степногорск қалалық
мәслихатының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 6С-25/9 шешіміне
қосымша
Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№
р/р
Салық салу объектісінің атауы
Айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштерінде)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
15
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
5
7
Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті
10