Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы сведений о плательщиках платы, периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы, наличии (отсутствии) разрешительных документов

Бұйрық · № 403 · қабылданған 26.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120095/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы сведений о плательщиках платы, периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы, наличии (отсутствии) разрешительных документов Күшін жойған Бұйрық ·№ 403 ·26.03.2018
11.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы сведений о плательщиках платы, периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы, наличии (отсутствии) разрешительных документов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 403 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы сведений о плательщиках платы, периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы, наличии (отсутствии) разрешительных документов
Атауы (қаз.)
Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
403
Қабылданған күні
26.03.2018
Көрсетілген редакция
11.04.2019 120095_397643.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016703
ЭКБ идентификаторы
120095
Редакция идентификаторы
120095_397643
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:12

0 Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтің нысанын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 603-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1) Қоса беріліп отырған Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтің нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж.М. Қасымбек _________________
2018 жылғы «____» _____________

0 Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметті

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 наурыздағы
№ 403 бұйрығымен бекітілген
нысан
Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметті
Есепті кезең 20___ жыл ______ айы.
Кезеңділік: айлық.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар.
Қайда ұсынылады: сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жер бойынша аймақтық мемлекеттік кірістер органдарына.
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей.

Жал­пы мә­лі­мет­тер
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы (те­гі аты әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), заң­ды ме­кен­жайы ДК ор­на­лас­қан же­рі (тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы)
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Са­лық тө­ле­у­ші­нің са­на­ты (же­ке тұл­ға, да­ра кә­сіп­кер, заң­ды тұл­ға (заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі), мем­ле­кет­тік ор­ган)
Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі, кү­ні, қол­да­ны­лу мер­зі­мі / Бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы хат­та­ма­ның нө­мі­рі, кү­ні
Сырт­қы (көр­не­кі) жар­на­ма­ны ор­на­ла­сты­ру ор­ны
Жол­дар­дың ма­ңы­зды­лы­ғы (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның, аудан­ның, об­лы­стық аудан­дық ма­ңы­зы бар, ауыл, кент)
Ав­то кө­лік жол­да­ры­ның са­на­ты, нө­мі­рі
Сырт­қы (көр­не­кі) жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рі­нің түр­ле­рі
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған сырт­қы (көр­не­кі) жар­на­ма түр­ле­рі­нің са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Кестенің жалғасы
Жал­пы мә­лі­мет­тер
Есеп­ті жыл­да жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру­дың нақ­ты мер­зі­мі (ай­да)
Тоқ­та­ты­л­ған рұқ­сат­тар бой­ын­ша
Сырт­қы (көр­не­кі) жар­на­ма тү­рі­нің бір жа­ғы­ның ала­ңы
Есеп­ті жыл­да жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру мер­зі­мі (ай)
Есеп­ті жыл­да есеп­тел­ген тө­ле­ма­қы со­ма­сы (ай), тең­ге
Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­сі, ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
Есеп­ті жыл­да бюд­жет­ке тө­ле­у­ге жа­та­тын тө­ле­ма­қы со­ма­сы, тең­ге
Жар­на­ма­ны ор­на­ла­сты­ру үшін ай­лық тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі, тең­ге
Жар­на­ма­ны ор­на­ла­стыр­ға­ны үшін тө­лем­дер со­ма­сын­ның тө­ле­уі ту­ра­лы мә­лі­мет
Тө­ле­ма­қы со­ма­сы, тең­ге
Тө­лем құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен кү­ні
Бұ­зы­л­ғанды­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың нө­мі­рі, кү­ні
Есеп­ті жыл­да (ай­да) азай­ту­ға жа­та­тын тө­лем со­ма­сы, тең­ге
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
________________________________________________________________________
(Бірінші басшының не міндетін атқарушысының тегі аты әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________________________________
(Мәліметті жасауға жауапты қызметкердің аты әкесінің аты (ол болған кезде)
Мәліметтердің жасалған күні 20__ жылғы «___» ______________________
__________________
(қолы, МО)
__________________
(қолы)

Қолданыстағы