Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками для всех кандидатов в акимы сельских округов на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками для всех кандидатов в акимы сельских округов на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 02.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2019 120114_415193.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SM004615
- ЭКБ идентификаторы
- 120114
- Редакция идентификаторы
- 120114_415193
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:31
0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық
кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциалық Занының 28-бабының 4,6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шартты негізде үй-жай ұсынылсын.
3
3. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына үміткерлердің таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайды және басқа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2014 жылғы 15 шілдедегі № 195 қаулысының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 шілдедегі № 2874 болып тіркелген, 2014 жылдың 26 шілде «ҚызылТу» газетіңде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Б. Омаровқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Уәлиханов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Б. Хасенеев
« 02 » наурыз 2018 жыл
6 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 02 наурыздағы
№46 қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
№ р/р
Ауылдық округінің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Кішкенекөл
Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Комерциялық емес акционерлік қоғамның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаметінің Уәлиханов аудандық бөлімі ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд.
7 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 02 наурыздағы
№46 қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай
№ р/р
Ауылдық округінің атауы
Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
1.
Кішкенекөл
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Кішкенекөл ауылы, Гагарин көшесі, 79