Құжат мәтініне өту

О переименовании некоторых административно–территориальных единиц Курмангазинского района Атырауской области

Қаулы · № 40 · қабылданған 27.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120125/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О переименовании некоторых административно–территориальных единиц Курмангазинского района Атырауской области Қолданыста Қаулы ·№ 40 ·27.02.2018
27.02.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании некоторых административно–территориальных единиц Курмангазинского района Атырауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 40 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании некоторых административно–территориальных единиц Курмангазинского района Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік–аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
27.02.2018
Көрсетілген редакция
27.02.2018 120125_306022.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18T0004087
ЭКБ идентификаторы
120125
Редакция идентификаторы
120125_306022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:36

0 Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша, Ганюшкин және Киров ауылдық округтер, Ганюшкин және Дәшін ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

1 1) Ганюшкин ауылдық округінің Ганюшкин ауылы - Құрманғазы ауылына;

2 2) Ганюшкин ауылдық округі - Құрманғазы ауылдық округіне;

3 3) Киров ауылдық округінің Дәшін ауылы - Хиуаз ауылына;

4 4) Киров ауылдық округі - Жаңаталап ауылдық округі болып қайта аталсын.

2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Сайлауоваға және Атырау облыстық мәслихаттың депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А.Абдоловқа жүктелсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы