О переименовании сел и сельских округов Чингирлауского района Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании сел и сельских округов Чингирлауского района Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауылдары мен ауылдық округтері атауларын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16-6
- Қабылданған күні
- 16.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2018 120141_306920.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18Z0005113
- ЭКБ идентификаторы
- 120141
- Редакция идентификаторы
- 120141_306920
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:18
0 Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданының
ауылдары мен ауылдық округтері
атауларын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 13 қарашадағы қорытындысы негізінде, Шыңғырлау ауданының әкімдігі және мәслихатының ұсынуы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мынадай ауылдары мен ауылдық округтері қайта аталсын:
Белогор ауылы - Ақтау ауылы;
Белогор ауылдық округі - Ақтау ауылдық округі;
Полтава ауылы - Ардақ ауылы;
Полтава ауылдық округі - Ардақ ауылдық округі;
Лубен ауылы - Ақшат ауылы;
Лубен ауылдық округі - Ақшат ауылдық округі;
Тасмола ауылы - Ақбұлақ ауылы.