Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карасайского района

Ереже · № 26-6 · қабылданған 06.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120175/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карасайского района Қолданыста Ереже ·№ 26-6 ·06.03.2018
06.03.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карасайского района

Қолданыста Ереже ·№ 26-6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карасайского района
Атауы (қаз.)
Қарасай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
26-6
Қабылданған күні
06.03.2018
Көрсетілген редакция
06.03.2018 120175_306015.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DK004614
ЭКБ идентификаторы
120175
Редакция идентификаторы
120175_306015
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:28

0 Қарасай ауданының

Құрмет грамотасымен
наградтау туралы
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қарасай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қарасай аудандық мәслихатының

«Қарасай ауданының Құрмет
грамотасымен наградтау туралы
ережесін бекіту туралы»
2018 жылғы «6» наурыздағы
№ 26-6 шешімімен бекітілген
қосымша
Қарасай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қарасай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қарасай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

2 2. Қарасай ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

3

3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

4 4. Қарасай ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.

5

5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

6 6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Қарасай ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

7 7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

8 8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.

Құрмет грамотасын Қарасай ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Қарасай ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын қалалық және ауылдық округ әкімдері және Қарасай ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

9 9. Құрмет грамотасына Қарасай ауданы әкімінің қолы қойылады.

10 10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Қарасай ауданы әкімінің аппараты жүзеге асырады.

11 11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Қарасай ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Қолданыстағы