Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Байганинскому району

Өзге акт · № 143 · қабылданған 12.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120193/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Байганинскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 143 ·12.03.2018
13.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Байганинскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 143 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Байганинскому району
Атауы (қаз.)
Байғанин ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143
Қабылданған күні
12.03.2018
Көрсетілген редакция
13.03.2020 120193_449284.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CD000161
ЭКБ идентификаторы
120193
Редакция идентификаторы
120193_449284
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:26

0 Байғанин ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәіурдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Байғанин ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Байғанин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1 1) Байғанин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 «Тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-94 санымен тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімі;

2

2) Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 64 «Байғанин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 129 «Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5418 санымен тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімі.

3 3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Байғанин аудандық мәслихатының

2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 143 шешіміне қосымша
Байғанин ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Р/с

Салық салу объектісінің атауы
Тір­кел­ген са­лық­тың ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­ле­рі (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер­мен)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3
7.
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10

Қолданыстағы