О корректировке базовых ставок на земельный налог по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок на земельный налог по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/3
- Қабылданған күні
- 20.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2026 120234_833499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SG004638
- ЭКБ идентификаторы
- 120234
- Редакция идентификаторы
- 120234_833499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:59
0 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 30.04.2026 № 41/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан
облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 03.04.2020 № 46/11 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 11.05.2022 № 15/3 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 505, 506-бабтарымен белгіленген Жамбыл ауданы бойынша жер салығы мөлшерлемелері, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, базалық мөлшерлемелерден 50 пайызға жоғарылатылсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 11.05.2022 № 15/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 03.04.2020 № 46/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Солтүстік Қазақстан Жамбыл ауданы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшермелерін түзету туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 05 мамырда № 3242 тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда «Ауыл арайы» газетінде, 2015 жылы 15 мамырда «Сельская новь» газетінде жарияланған);
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшермелерін түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» 2016 жылғы 09 наурыздағы № 46/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 13 сәуірде № 3712 тіркелген, 2016 жылы 04 наурызда «Ауыл арайы» газетінде, 2016 жылы 04 наурызда «Сельская новь» газетінде жарияланған).
5. Осы шешім 2019 жылы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілетін 1 тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
____________М.Садықов
2018 жыл «20» наурыз