Об утверждении ставок таможенных сборов, взимаемых органами государственных доходов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок таможенных сборов, взимаемых органами государственных доходов
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 05.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2023 120244_646876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000171
- ЭКБ идентификаторы
- 120244
- Редакция идентификаторы
- 120244_646876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:56
0 Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат);
2
2) «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 34-құжат).
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 171 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері
Кедендік төлемнің атауы
АЕК-дегі (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш) мөлшерлемелер
1
2
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым:
тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен;
6 АЕК
транзиттік декларацияны пайдаланумен;
6 АЕК
тауарларға арналған декларация ретінде мәлімдемені пайдаланумен;
0 АЕК
тауарларға арналған декларация ретінде тізбені пайдаланумен;
0 АЕК
экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен;
0 АЕК
халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін
0 АЕК
Кедендік алып жүру үшін кедендік алым
50 километрге дейінгі қашықтыққа 1 АЕК,
50-ден 100 километрге дейінгі қашықтыққа 2 АЕК,
100-ден 200 километрге дейінгі қашықтыққа 3 АЕК,
200-ден 400 километрге дейінгі қашықтыққа 13 АЕК,
400-ден 600 километрге дейінгі қашықтыққа 22 АЕК,
600-ден 800 километрге дейінгі қашықтыққа 34 АЕК,
800-ден 1000 километрге дейінгі қашықтыққа 35 АЕК,
1000-нан 1500 километрге дейінгі қашықтыққа 58 АЕК,
1500-ден 2000 километрге дейінгі қашықтыққа 79 АЕК,
2000-нан 2500 километрге дейінгі қашықтыққа 93 АЕК
Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым
9 АЕК
_____________________________