Кіру
Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 239 · қабылданған 15.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120299/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 239 ·15.03.2018
24.03.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 239 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
15.03.2018
Көрсетілген редакция
24.03.2022 120299_566648.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NN007650
ЭКБ идентификаторы
120299
Редакция идентификаторы
120299_566648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:21

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы  5-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

2. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6335 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда «Арна» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ Ж. Бисекеев
«15» наурыз 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай ауданы әкімдігінің
«Жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ М. Темирбаев
«15» наурыз 2018 жыл

Қолданыстағы