Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил совершения таможенных операций, связанных с установлением и соблюдением маршрута перевозки товаров, находящихся под таможенным контролем и перевозимых по таможенной территории Евразийского экономического союза без помещения под таможенную процедуру таможенного транзита

Бұйрық · № 370 · қабылданған 15.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120317/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил совершения таможенных операций, связанных с установлением и соблюдением маршрута перевозки товаров, находящихся под таможенным контролем и перевозимых по таможенной территории Евразийского экономического союза без помещения под таможенную процедуру таможенного транзита Қолданыста Бұйрық ·№ 370 ·15.03.2018
18.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил совершения таможенных операций, связанных с установлением и соблюдением маршрута перевозки товаров, находящихся под таможенным контролем и перевозимых по таможенной территории Евразийского экономического союза без помещения под таможенную процедуру таможенного транзита

Қолданыста Бұйрық ·№ 370 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил совершения таможенных операций, связанных с установлением и соблюдением маршрута перевозки товаров, находящихся под таможенным контролем и перевозимых по таможенной территории Евразийского экономического союза без помещения под таможенную процедуру таможенного транзита
Атауы (қаз.)
Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
370
Қабылданған күні
15.03.2018
Көрсетілген редакция
18.10.2022 120317_598758.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016682
ЭКБ идентификаторы
120317
Редакция идентификаторы
120317_598758
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:20

0 Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 430-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 370 бұйрығымен бекітілген
Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 430-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекске сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Тауарларды тасу маршрутын белгілеумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

2

2. Тауарларды келген орындарынан уақытша сақтау орнына дейін тасу (тасымалдау),егер осындай қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, егер бір елді мекеннің келу орны бар әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан уақытша сақтау орнына тауарларды орналастыру жоспарланса, тауарларды тасу (тасымалдау) маршрутын белгілеумен кедендік транзит кедендік рәсімін қолданбастан жүзеге асырылады.

3

3. Әкімшілік-аумақтық шекарасы бір пунктінің кету орнынан бір кеден органының қызмет аймағында орналасқан және егер бұндай тауарлардың тасымалдауы уақытша сақтау қоймаларының арасында бір уақытша сақтау қоймасынан басқа уақытша сақтау қоймасына шетел тауарларын тасымалдағанда кеден рәсімінің кеден транзитіне орналастырылмай жүзеге асырылады.

4 4. Кедендік бақылаудағы шетелдік тауарларды, белгіленген маршрут бойынша тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін тауарлар және оларға құжаттар, жүк тиейтін орынжайлар (бөліктер) Кодекстің 427-бабына сәйкес сәйкестендіріледі.

5 5. Тауарларды тасу маршрутын көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген тауарларды уақытша сақтау орны туралы мәліметтерден шыға отырып, кедендік бақылаудағы тауарлардың тасымалдануына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары белгілейді.

6

6. Тасу маршруты уақытша сақтау орнына дейін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырмай өткізілетін тауарлардың көлік (тасымалдау) құжатында (бұдан әрі – маршрут парағы) «уақытша сақтау орнына дейін (уақытша сақтау орынның атауы және заңды мекенжайы) тасу маршрутын қолданумен кедендік бақылауда» деген белгісін енгізу жолымен белгіленеді.
Енгізілген белгі тасу маршруты белгіленген күнді қоя отырып мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады және тауарлардың тасымалдаушысына беріледі.
Маршрут парағы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымал маршрутын тіркеу журналында тіркеледі.

7 7. Тауарларды тасу маршруты көлік құралдарының өткізілуіне қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдана отырып белгіленуі мүмкін.

3 3-тарау. Тауарларды тасу маршрутын сақтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

8 8. Тауарларды уақытша сақтау орнына жеткізгеннен кейін тасымалдаушы уақытша сақтау орнының иесіне маршрут парағын береді.

9.Уақытша сақтау орынның иесі табыс етілген маршрут парағында тауарларды уақытша сақтау орнына орналастырылғаны туралы белгі қояды.

10 10. Уақытша сақтау орнында тауарлардың орналастырылуы туралы белгісі бар маршрут парағы мұндай орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеумен байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.

11 11. Тауарларды тасу маршрутының сақталуы тауарлардың уақытша сақтау орнында орналастыруын растайтын құжаттарды тіркеумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезеңінде бақыланады.

12 12. Уақытша сақтау орындарында тауарлардың орналастырылуы туралы белгісі бар маршрут парағын табыс еткеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлғасы маршрут парағында жеке нөмірлік мөрін және күнін қоюмен «маршрут сақталған» деген жазба жасайды.

13

13. Тауарлардың уақытша сақтау орнында орналастыруын растайтын құжаттарды тіркеген мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы жұмыс уақытының 2 (екі) сағаты ішінде тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеген мемлекеттік кірістер органын байланыстың жедел арналары бойынша бақылаудан алу үшін тасымалдау маршрутының сақталғаны туралы хабардар етеді.

14

1 Тасу маршрутын тіркеу журналы

Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен
орналастырылмай Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік аумағы
арқылы тасымалданатын және кедендік
бақылаудағы тауарларға қатысты
тасымалдау маршрутын белгілеуге және
сақтауға байланысты кедендік
операцияларды жасау қағидаларына
қосымша
Нысан
Тасу маршрутын тіркеу журналы

Кү­ні
Кө­лік құ­ра­лы­ның нө­мі­рі
кө­лік (та­сы­мал­дау) құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
Та­су марш­ру­ты бел­гі­лен­ген­ге дей­ін уа­қыт­ша сақ­тау орын­ның заң­ды ме­кен­жайы
Та­у­ар сал­ма­ғы (брут­то)/орын са­ны
Та­су марш­ру­тын бел­гі­ле­ген ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты,әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Та­су марш­ру­тын сақ­тау (орын­дау/ орын­да­мау) ту­ра­лы мә­лі­мет
Марш­рут па­ра­ғы­на та­су марш­ру­тын сақ­тау ту­ра­лы мә­лі­ме­тін ен­гіз­ген ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Ескертпе:
Тіркеу журналы нөмірленген, тігілген және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітілуге жатады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Тіркеу журналын нөмірлеу бірден басталады.

Қолданыстағы