О некоторых вопросах судебной экспертизы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах судебной экспертизы
- Атауы (қаз.)
- Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1403
- Қабылданған күні
- 30.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2017 AI12034_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001403
- ЭКБ идентификаторы
- 12034
- Редакция идентификаторы
- AI12034_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:08
0 Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;
2
2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2 2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу бойынша штат санын және материалдық-техникалық базаны заңнамада белгіленген тәртіппен беруді, ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1403 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
"17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".