Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Қаулы · № 147 · қабылданған 26.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120347/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған Қаулы ·№ 147 ·26.03.2018
29.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Күшін жойған Қаулы ·№ 147 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
26.03.2018
Көрсетілген редакция
29.11.2018 120347_375507.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VF005590
ЭКБ идентификаторы
120347
Редакция идентификаторы
120347_375507
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:12

0 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2

2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 438 «2017 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5124 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2017 жылы 12 тамызда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 17 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Нукибаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аягөз ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «26» наурыз
№ 147 қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны
1
Балабақшалар
1160
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
665

11 Ата-ана төлемақысының мөлшері

Аягөз ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «26» наурыз
№ 147 қаулысына 2-қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)
1
Балабақшалар
500
500
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
500
500
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Қолданыстағы