Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 16.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2019 120397_405807.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18UL004496
- ЭКБ идентификаторы
- 120397
- Редакция идентификаторы
- 120397_405807
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:18
0 Мүгедектер үшiн жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №155 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4146 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 2 тамызда «Созақ үні» газетінде және 2017 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Созақ ауданы әкімдігінің
«16» қаңтардағы 2018 жылғы
№94 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№
Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы
Тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицей мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
215
3
2
«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің Панфилов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
96
2
3
«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің «Қарақұр жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
3
4
«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
59
2
5
«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
134
3
6
«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
79
2
Барлығы:
695