Құжат мәтініне өту

Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки по селу Мойынкум

Өзге акт · № 23-3 · қабылданған 14.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120412/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки по селу Мойынкум Қолданыста Өзге акт ·№ 23-3 ·14.03.2018
14.03.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки по селу Мойынкум

Қолданыста Өзге акт ·№ 23-3 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границы оценочных зон и поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки по селу Мойынкум
Атауы (қаз.)
Мойынқұм ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23-3
Қабылданған күні
14.03.2018
Қолданысқа енгізілген күні
24.04.2018
Көрсетілген редакция
14.03.2018 120412_308870.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18GG003754
ЭКБ идентификаторы
120412
Редакция идентификаторы
120412_308870
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:22

0 Мойынқұм ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мойынқұм ауылы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мойынқұм аудандық мәслихатының

2018 жылғы 14 наурыздағы №23-3
шешіміне 1 қосымша

5 Мойынқұм ауылы бойынша бағалау аймақтары шекаралары

Мойынқұм аудандық мәслихатының
2018 жылғы 14 наурыздағы №23-3
шешіміне 2 қосымша
Мойынқұм ауылы бойынша бағалау аймақтары шекаралары
Бағалау аймақтарының нөмірі
Бағалау аймақтарының шекараларының сипаттамасы
I
1-ші бағалау аймағының бастапқы нүктесінен шекара Абылайхан көшесінен оңтүстік-шығыс бағытта Амангелді көшесінен өтіп, Амангелді көшесінің бойымен сол жаққа қарай Кебек көшесімен қиылысқанға дейін өтеді. Көбек көшесімен оңтүстік-батыс бағытта сайға дейін өтіп, ары қарай сол бағытта Шу өзеніне дейін өтеді. Ары қарай бағалау аймағының шекарасы Шу өзенінің бойымен Мойынқұм ауылының шекарасына өтіп, ауылдың белгіленген шекарасымен 1-ші бағалау аймағының бастапқы нүктесіне дейін.(алғашқы нүкте)
II
II-ші бағалау аймағы I-ші бағалау аймағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. II-ші бағалау аймағының бастапқы нүктесінің сипаттамасы болып Абылайхан көшесімен Мойынқұм ауылының шекарасының қиылысы қабылданған, ары қарай ауылдың шекарасымен солтүстік, одан сон оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағытта Шу өзеніне дейін өтіп, Шу өзенінің бойымен солтүстік-батыс бағытында сайға дейін өтеді. Саймен солтүстік-шығыс бағытта Көбек көшесімен Амангелді көшесімен қиылысқанға дейін өтіп, ары қарай Амангелді көшесімен солтүстьік-батыс бағытта бастапқы нүктеге дейін өтеді.
III
III-ші бағалау аймағы I-ші және II-ші бағалау аймақтарының өңтүстік бөлігінде орналасқан. III-ші бағалау аймағының бастапқы нүктесінің сипаттамасы болып ауылдың шекарасының Шу өзенімен қиылыс нүктесі болып қабылданған, ары қарай Шу өзенімен шығыс бағытта ауылдың шекарасына дейін өтіп, ауылдың шекарасымен бастапқы нүктеге дейін.

6 Мойынқұм ауылы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері

Мойынқұм аудандық мәслихатының
2018 жылғы 14 наурыздағы №23-3
шешіміне 3 қосымша
Мойынқұм ауылы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері
Бағалау аймағының нөмірі
Жер учаскелерінің төлемақылық базалық ставкасына түзету коэффиценттері
І
1,2
ІІ
1,1
ІІІ
0,8

Қолданыстағы