Об утверждении Перечня производителей сжиженного нефтяного газа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня производителей сжиженного нефтяного газа
- Атауы (қаз.)
- Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 19.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2022 120418_603572.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016713
- ЭКБ идентификаторы
- 120418
- Редакция идентификаторы
- 120418_603572
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:16
0 Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің
тізбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
10 Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы № 106
бұйрығымен бекітілген
Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің
тізбесі
р/с
№
Сұйытылған мұнай газын өндірушілер
1.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы
5.
«Қазақ газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6.
«Қазгермұнай» біріккен кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
7.
«Қазақойл Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
8.
«Жаикмунай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
9.
«Тенгизшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10.
«САУТС - ОЙЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
11.
12.
«Gas Processing Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
13.
«Н-ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі