Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 1 · қабылданған 29.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120450/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·29.03.2018
01.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
29.03.2018
Көрсетілген редакция
01.08.2018 120450_343577.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NQI07669
ЭКБ идентификаторы
120450
Редакция идентификаторы
120450_343577
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:06

0 Шектеу іс – шараларын белгілеу

туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 01-21/45 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі Севастополь ауылы шығыс бөлім жеке секторының аумағында Ленина 4, 6, 9, 12, 14, 16, 17, 22 үй, Партизанская 1, 7, 10, 11, 13, 17 үй, Молодежная 1, 3, 6, 9, 10 үй, Коммунистическая 12, 18 үй, Центральная 22 үй, Мельничная 2 үй көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Сарыкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Cарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округі әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е.Қ. Құрманов
2018 жылғы 29 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Сарыкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ С.С. Ибраева
2018 жылғы 29 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ш.Ж. Сатубалдин
2018 жылғы 29 наурыз

Қолданыстағы