Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Павлодара
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Павлодара
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 239/34
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2022 120489_600864.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PA005947
- ЭКБ идентификаторы
- 120489
- Редакция идентификаторы
- 120489_600864
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:07
0 Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығының сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Павлодар қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 239/34 шешімімен бекітілді
Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
4. Иесіз қалдықтарды басқару «Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - Бөлім).
5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен және депутаттардан комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).
2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары», 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде № 4775 тіркелген) қалдықтар Сыныптамасына сәйкес атқарылады.