Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Қаулы · № 62 · қабылданған 26.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120581/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған Қаулы ·№ 62 ·26.03.2018
01.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Күшін жойған Қаулы ·№ 62 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Атауы (қаз.)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62
Қабылданған күні
26.03.2018
Көрсетілген редакция
01.04.2021 120581_516563.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VE005592
ЭКБ идентификаторы
120581
Редакция идентификаторы
120581_516563
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:12

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған

адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған, адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тәттібековке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналасыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Абай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «26» наурыздағы
№ 62 қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналасыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Жұмысшылар саны
Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық көлемінде квотаның мөлшері
Жұмыс орындар саны, адамдар
1
Абай ауданық «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
53 адам
1 %
1
2
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Абай аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
208 адам
1 %
2

Қолданыстағы