Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества района Биржан сал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества района Биржан сал
- Атауы (қаз.)
- Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-3/126
- Қабылданған күні
- 28.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2018 120589_313018.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BJG06535
- ЭКБ идентификаторы
- 120589
- Редакция идентификаторы
- 120589_313018
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:07
0 Біржан сал ауданындағы
коммуналдық мүлікті
иеліктен айыру түрлерін
таңдау бойынша өлшемдерді
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы № 920 қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерін қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2
2. «Еңбекшілдер ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № а-5/81 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5378 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 24 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
5 Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
Біржан сал ауданы әкімдігінің
2018 жылғы « 28 » 03
№ а-3/126 қаулысына
қосымша
Біржан сал ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№
өлшемдердің атауы
иеліктен айыру түрі
1.
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
аукцион түріндегі жекешелендіру
2.
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды cақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар)
тендер түріндегі жекешелендіру