Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи

Өзге акт · № 25-4 · қабылданған 19.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120606/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 25-4 ·19.03.2018
23.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25-4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25-4
Қабылданған күні
19.03.2018
Қолданысқа енгізілген күні
29.04.2018
Көрсетілген редакция
23.07.2020 120606_473442.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18GK003771
ЭКБ идентификаторы
120606
Редакция идентификаторы
120606_473442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:17

0 Әлеуметтік көмек беру туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шу ауданында ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2 2. «Әлеуметтік көмек беру туралы» Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 17-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3526 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйектегі «Шу өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы