Об утверждении Инструкции по согласованию и утверждению проектов нормативов предельно-допустимых выбросов (ПДВ) и предельно-допустимых сбросов (ПДС)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по согласованию и утверждению проектов нормативов предельно-допустимых выбросов (ПДВ) и предельно-допустимых сбросов (ПДС)
- Атауы (қаз.)
- Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83_П
- Қабылданған күні
- 21.03.2002
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2013 AI12061_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001843_
- ЭКБ идентификаторы
- 12061
- Редакция идентификаторы
- AI12061_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:13
0 Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 30.12.2013 № 395-ө бұйрығымен.
Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу рәсімдерін ретке келтіру мақсатында бұйырамын:
1 1. Қоршаған ортаны ластағыш заттардың шекті рауалы шығарындылары мен төгінділері нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Қоршаған ортаны қорғау комитеті, белгіленген тәртіппен осы Нұсқаулықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қоршаған ортаны қорғау комитетінің Төрағасы Сқақовқа А.А. жүктелсін.
5 Шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтерін келісу мен бекіту жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
Министрінің міндетін атқарушы
2002 ж. 21.03. N 83-п
бекітілді
Шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтерін
келісу мен бекіту жөніндегі нұсқаулық
1
1. Әрекеттегі кәсіпорындар үшін олардың технологиялық шарттары өзгерген жағдайда шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтері (одан әрі - ШРШ және ШРТ нормативтері) жобаларын Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау органдары жоба құжаттамасын экологиялық сараптама жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырады.
2 2. ШРШ және ШРТ нормативтері жобаларын келісу мен бекіту, олардың қайта қаралуын қамтамасыз етуді табиғатты пайдаланушы жүзеге асырады.
3 3. Келесі жағдайларда шекті рауалы шығарындылар мен төгінділердің бұрын бекітілген нормативтерін олардың әрекет ету мерзімдеріне дейін қайта қарау қажеттілігі туындауы мүмкін:
1 1) аумақтағы су объектісіндегі экологиялық және гидрологиялық жағдайдың өзгеруі;
2 2) әрекеттегі қоршаған табиғи ортаны ластау көздерінің жаңа және нақтыланған өлшемдерінің болуы;
3 3) кәсіпорыннан дербес объект болып бөлінетін құрылымдық бірліктер мен бөлімшелердің жекешелендірілуі.
4 4. Қарауға берілетін ШРШ және ШРТ нормативтерінің жобаларында өтініш (ілеспе хат), түсіндірме жазба, ШРШ және ШРТ есептерінің нәтижелері болуы тиіс.
5 5. ШРШ мен ШРТ нормативтері жобаларын қарау мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуге белгіленген мерзімінен аспауы тиіс.
6 6. Жобаны қарауда туындайтын пікір алшақтығын шешу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
7 7. Ұйымдарға ластағыш заттарды шығаруға және төгуге рұқсат келісілген ШРШ және ШРТ нормативтері жобалары негізінде беріледі.
8 8. ШРШ мен ШРТ нормативтері жобалары Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарымен белгіленген мерзімге бекітіледі.
9
9. Атмосфераға және су объектілеріне ластағыш заттар шығарумен төгу үшін төлемнің Қазақстан Республикасының Экологиялық және биоресурстар министрлігі 1994 жылы 9 тамызда бекітіп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 16 қаңтарда N 142 тіркелген Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемді анықтау әдістемесіне сәйкес есеп беретін мөлшерін анықтау кезінде бекітілген шекті-рауалы шығарынды және төгінді нормативтерін басшылыққа алу қажет.