О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по району Шал акына
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по району Шал акына
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/2
- Қабылданған күні
- 30.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2020 120610_450063.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SN004657
- ЭКБ идентификаторы
- 120610
- Редакция идентификаторы
- 120610_450063
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:03
0 Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер
салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге Кодекстің 704-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шал ақын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 шілдеде аудандық «Парыз» газетінде, 2015 жылғы 10 шілдеде аудандық «Новатор» газетінде жарияланды);
2
2) «Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 46/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелді, 2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).