О повышении базовых ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Жарминскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Жарминскому району
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/167-VI
- Қабылданған күні
- 14.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2021 120612_519771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VJ005601
- ЭКБ идентификаторы
- 120612
- Редакция идентификаторы
- 120612_519771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:23
0 Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 704 бабында белгіленген біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2
2. Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қазандағы № 7/50-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 31 қазандағы № 4716 болып тіркелген, «Қалба тынысы» газетінде 2016 жылғы 5 қарашадағы № 57 санында жарияланды) шешімнің күші жойылды деп танылсын.