Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, не являющихся государственными служащими
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 27.03.2002
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2008 AI12063_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001845_
- ЭКБ идентификаторы
- 12063
- Редакция идентификаторы
- AI12063_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:12
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.07.15 N 438 бұйрығымен .
2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын іске асыру және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің стажын есептеу кезінде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесі бекітілсін.
2 2. Құқық және ұйымдастыру департаменті заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған еңбек қатынастарына қолданылады.
5 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және әлеуметтік
қорғау министрлігі
17.04.2002 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2002 жылғы 27 наурыздағы N 92
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып
табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша
жұмыс стажын есептеудің
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шартын реттейді.
2 2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінде және меншіктің құқықтық-ұйымдастыру нысанына қарамастан басқа ұйымдарда, сондай-ақ:
1 1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыт;
2
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің Қарулы Күштерде, Ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының ұланында міндетті әскери қызмет өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның ішінде әскери комиссариаттың анықтамасы болғанда әскери қызметшінің тұтқында болған уақыты;