Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Актюбинской, Алматинской и Акмолинской областей

Бұйрық · № 428 · қабылданған 03.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120635/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Актюбинской, Алматинской и Акмолинской областей Қолданыста Бұйрық ·№ 428 ·03.04.2018
03.04.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Актюбинской, Алматинской и Акмолинской областей

Қолданыста Бұйрық ·№ 428 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Актюбинской, Алматинской и Акмолинской областей
Атауы (қаз.)
Ақтөбе, Алматы және Ақмола облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
428
Қабылданған күні
03.04.2018
Көрсетілген редакция
03.04.2018 120635_311222.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016741
ЭКБ идентификаторы
120635
Редакция идентификаторы
120635_311222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:59

0 Ақтөбе, Алматы және Ақмола облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ақтөбе, Алматы және Ақмола облыстары жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2018 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Ақтөбе облысы – 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгеден артық емес;
Алматы облысы – 1 727 247 000 (бір миллиард жеті жүз жиырма жеті миллион екі жүз қырық жеті мың) теңгеден артық емес;
Ақмола облысы – 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы