О ставках фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20/3-VI
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2019 120642_414471.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VD005596
- ЭКБ идентификаторы
- 120642
- Редакция идентификаторы
- 120642_414471
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:09
0 Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексінің (Салық кодексі) 546 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Риддер қаласы және қалаға әкімшілік бағынышты елді мекендерінде қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы» Риддер қалалық маслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсанындағы № 29/7 - IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-142 тіркелген, 2011 жылғы 28 қантарда «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданылады.
4 Ридлдер қалалық мәслихатының
2018 жылғы «27» наурыздағы № 20/3-VI
шешіміне қосымша
Реттік №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіште)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
10
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы
10
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
2
4.
Ойын жолы
7
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
7
7.
Уәкілетті
ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10